Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржылық есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 7 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Материалдық емес активтердің есебі

Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ «материалдық емес құндылықпен» үлестірілген және осының күшімен субъектке, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Материалдық емес активтерге тауарлық нышандар, даму тауарларының тіркелген орындары, фирма құны(гудвилл), «ноу-хау», өнер-кәсіп үлгілері және потенттер, лицензиялар, интелектуалды меншік, ұйымдық шығыстар, табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ді қамтамасыз ету бағдарламасы және тағы басқа жатады. Мүліктегі субъектінің материалдық емес активтерінің үлесі және мағынасының дамуы, техниканың және технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуы мен, экономикалық қатынастардың дамуымен үлкейеді. Қазақстан Республикасының іс-әрекет ететін заңдылығына сәйкес материалдық емес активтер келесі тәртіпте бағаланады:

Қазіргі таңда интелектуалды меншікті таратушы – жеке азаматтардың интелектуалды меншікті кәсіпорын жарғы қорына салымдар жиі жүзеге асуда (ірі ғалымдар, инжерлер, әртістер және т.б).
Материалды емес активтердің бар болу және айналым есебі «Материалды емес активтер» 2700 бөлімше шоттарында жүргізіледі:

Материалды емес активтер алғашқы құн бойынша осы шоттарда есептеледі.
Материалды емес активтер әр түрлі тәсілдермен түседі:

«Материалдық емес активтерді» бөлімше шоттары бойынша аналитикалық есеп «Материалдық емес активтердің мүкәммалдық есеп карточкасымен» жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалды емес активтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолданылады. Мүкәммалдық карточка материалды емес активтері әрбір жеке объектілеріне бухгалтерия да ашылады. Карточка материалды емес активтердің объектісін кәсіпорынмен беру немесе алу фактісін тұжырымдайтын құжат негізінде бір данада толтырылады: «Материалды емес активтердің алу-беру актісі, техникалық және басқа да құжаттама».
Материалды емес активтердің есепке түсуі кесте 10 көрсетілген корреспонденциялық шоттар негізінде өндіріледі.
Кесте 10 - Материалды емес активтердің түсу есебі

Материалды емес активтер бойынша амортизациясы ай сайын алғашқы құнының нормаларымен есептелген және материалды емес активтерін топшылама қолдану мерзімінде есептеледі. Материалды емес активтердің амортизация өлшемін анықтау үшін жылдың басында және алғашқы айында «Материалды емес активтердің амортизациясын есептеу тізімдемесі» құрастырылады. Амортизация (шығын) есептеу сомасына «Тауарды өткізу бойынша шығындар(жұмыс, қызмет)» 7110, «Жалпы және әкімшілік шығындар» 6210, «Материалды емес активтердің амортизациясының және негізгі қаражаттардың шығыны» 8310, «Аяқталмаған құрылыс» 2610 және басқа да шоттары дебеттеледі және «Материалды емес активтердің амортизация» шоты кредиттеледі. Материалдық емес активтердің есептелген амортизациясы сомасын, сәйкес машинограммаларға және есептік тіркелімдерге жазады.