Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Нарық жағдайындағы қаржы – несие жүйесі


Мазмұны
Кіріспе 3
Бөлім I. Қаржы нарығы 5
1.1 Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы 5
1.2 Қаржы нарығы: абритаж және нарық тиімділігі 7
Бөлім II. Нарық жағдайындағы қаржы – несие жүйесі 12
2.1 Несие – Банк жүйесі 12
2.2 Бағалы қағаздар және олардың айналу мәселелері. Қор биржасы 16
2.3 Мемлекеттік Бюджет 18
Бөлім III. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы 21
3.1 Қаржы және валюта нарығының ерекшелігі 21
3.2 Қаржы нарығында қолданылатын ақша агрегаттары 23
3.3 Қазақстан Республикасындаға валюта саясаты 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы”.Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімнің тақырыбы “Қаржы нарығы”, бұл тақырыпта негізінен екі тақырыпшадан тұрады.
Бірінші тақырыпшада “Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы”.
Мемлекеттік, экономиканың алғашқы буындарының алғашқы қаржылары, халықтың қаржысы қаралады.
Екінші тақырыпша “Қаржы нарығы: абритаж және нарық тиімділігі” деп аталады. Мұнда негізгі көзделетін мәселелер: абритаждың түрлері, нарық тиімділігінің түрлері, нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер және тағы басқалар.
Екінші бөлімнің тақырыбы “Нарық жағдайындағы қаржы несие жүйесі”. Ол негізінен үш тақырыпшадан тұрады: несие банк жүйесі, бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері және қор биржасы, мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығы.

Бірінші тақырыпшада көзделетін мәселелер: Қазақстандағы капиталдың нақты секторға еркін бағыттай алатын қор нарығының қалыптасуына айрықша көңіл бөлу керектігі,нарықтық экономикаға бет бұрған өркениетті мәдениеттің айқын сипаттары, дамыған қор нарығындағы трансферттік менеджменттің талаптары, осы секілді жөнсіздіктер салдарынан акциялар пакеті басқаруға берілген компаниялар.
Екінші тақырыпшада ақша жиыны, орташа ресми айырбас бағамы, орташа жылдық бағамдар формулалары қаралған.
Үшінші тақырыпшада Қазақстан Республикасының валюта жүйесі қаралады. Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі мен субъектісі, нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіздамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі, Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу және сату анықталады.

Бөлім I. Қаржы нарығы
1.1 Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы
Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың-бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістік салалық ерекшеліктеріне байланысты өндірістік қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары және т.б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқаруы үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты және құқтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.

1.2 Қаржы нарығы: абритаж және нарық тиімділігі
Жақсы жұмыс атқарып жатқан қаржы нарығының негізгі айнымас қасиеті, олардың қатысушылары табыс табу үшін жаңа мүмкіншілікті іздеуді жүргізуі. Олардың айналысатын ақша сомалары сондай үлкен, ал қосымша тәуекелді қажет ететін мәмілелербес минуттан көп тұрып қалмайды және де ақпарат ағыны соғырлым тез ауысып отырады. Осы себептен нарық тиімділігі нөлдік абритаж шартын құрады, яғни абритаж мүмкіншілігін жояды. Абритаждың көп түрі бар. Кең көлемді абритаж инвесторлар кез келген бір активтің әр түрлі биржаларда бағалар сәйкессіздігін тапқанда пайда болады. Мысалы, үлкен коммерциялық банктер бір-бірінен банкаралық пайыздық мөлшерлемеге қарызға ақша алады.

Бөлім II. Нарық жағдайындағы қаржы – несие жүйесі
2.1 Несие – Банк жүйесі
Ақша қорының ауыспалы пайдаланымы кезінде кәсіпорын, бірлестік, акционерлік қоғам, холдинг, трест, концерн мен шығын және орта бизнес серіктестіктерінің өндіріс уақыты мен өнім айналысы арасындағы айырмашылыққа байланысты шаруашылықтың кейбір бөлімшелерінде уақытша ақша қорының пайда болғандығын байқаймыз. Ал, қалған бөлімшелерде ақша қорына қажеттілік туып отырады.Осы мүмкіндіктер несие – банк жүйесінің өмір сүруіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тұрғындар мен әртүрлі ұйымдарда уақытша еркін қалған ақша қорлары пайда болады.
Банк ұсынатын несиелер – қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Қысқа мерзімді несие бір жылға беріліп, айналым қорларын қалыптастыруға жұмсалады. Орта мерзімді несие екі-үш жылға жаңа құрылысқа, өндірісті техникалық қайта қаруландыру және жаңғыртуға, жаңа техника мен технологияға беріліп, олардың үш жылда қайтарымды болуы міндетті.
Ұзақ мерзімді несие он жылға және одан да көп уақытқа беріліп, кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға жұмсалады. Бұл несие тұрғындардың, жеке үй, пәтер соңына және оны сатып алуы үшінде беріледі.
Несиенің бірнеше түрі бар:

2.2 Бағалы қағаздар және олардың айналу мәселелері. Қор биржасы
Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысы иелеріне дивидент түрінде әкелінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 1996 жылғы 21 – сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен дипозит, сертификаттарды және вексель жіберіледі.
Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды нарыққа еркін сату ҚР-сы 1997-ші жылғы 15-ші наурыздағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек облигация ие бола алады. Облигация сатушылардың ақша қаржыларын куәландырады. Сондай-ақ номиналды құнның толтырылу міндеттілігін қуаттап, оның белгіленген уақытта мөлшерлі пайызын қайтаруда ескереді. Пайыз салымының белгіленген мерзімінде тең порциямен төленеді. Кейбір облигацияларды пайыз арнайы өтемейді. Облигацияны жабу кезеңінде сатып алынған бағасы мен иесіне сатылған баға айырмасы ретінде төленеді.

2.3 Мемлекеттік Бюджет
Бюджет тапшылығы және Мемлекеттік қарыз.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Бөлім III. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы
3.1 Қаржы және валюта нарығының ерекшелігі
Нарықтық экономикада – адамзат экономикасының жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың тиімді түрі екендігі дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелденген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту – ашық нарыққа өту ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен(әділетсіздіктен) бас тарту.
Бүгінде отандық бағалы қағаздар нарығын дамытудың жағдайы мен болашағы, оның тиімділігін арттыру маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.

3.2 Қаржы нарығында қолданылатын ақша агрегаттары
Негізгі ақша агрегаттарына қазіргі кезде ақша – несие статистикасын құрумен талдауға қолданылып жүрген ақша базасы мен ақша жиыны жатады.
Ақша жиыны Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің баланс шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және құрамына айналыстағы қолма – қол ақша және жеке тұлға резиденттері мен үй шаруашылығы резиденттерінің депозиттері кіреді. Төменде ақша агрегаттарының құралы келтіріледі:

3.3 Қазақстан Республикасындаға валюта саясаты
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
• нарықтық реттеу;
• мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар несиелер қозғалысына, байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизімі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

Қорытынды
Қаржы нарығы болашақ пен тәуекелді бағалайды. Сондықтан үй шаруашылықтары мен корпорацияларға қор жинау мен несие алу туралы шешім қабылдау ақпарат жинаудан қажеттілігінен басталады. Қаржы активтерінің табиғаты – бұл үлкен көлемді активтер ірі, жақсы ұйымдасқан нарықтарда сауда жүргізу жеңілдігі, сақтау арзандығы. Сол себептерден оларды біз басқа нарықтағы ағын ретінде емес, қор ретінде қарастырамыз. Қаржы нарығындағы нарықтық тепе – теңдік осы нарыққа ұсыныс және сұраныс көлемдері арасында орнатылады. Қорлардың сұранысы үлкен болуы үшін активтердің сапалылығы мен табиғаттылығы бірдей болуы керек. Ешқандай тәуелсіз тепе – теңдік отнатылатын қызмет түрі абритаж деп аталады. Абритажды тәуекелді ұстаумен шатастыруға болмайды, біріншісі тәуекелдің толық жоқтығын қарастырады, ал екіншісі инвестордың тәуекелді болуын есепке алады. Нарық тиімді болуы үшін, ол бар активтері туралы толық ақпаратты жинап отыруы қажет және әр актив өз тәуекелділігі бойынша дұрыс бағалануы қажет. Қазақстандағы қаржы нарығы көбінесе шетел компанияларының бағалы қағаздары мен қорлары бойынша операциялар жүргізуде.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы 2005 -552 бет
2. «Ақша, несие, банктер», оқулық.-Алматы,:Экономика, 2001.-446 бет.
3. Аубакиров Я.Ә. «Экономикалық теория» Алматы, 1999ж 176 бет.
4. Омирбаев С.М. Финансы Астана 2003 ж.
5. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы:
6. Нурсейт. А «Теория рыночной экономики» Алматы, 2000г. 233 бет.
7. Худяков А.И «Финансовое право Республики Казахстан». Алматы, 2001 стр 272.