Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Жекешелендірудің мәні, түрлері және Қазақстандағы жекешелендіру үлгісі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І Тарау. Меншіктің мәні, түрлері және жекешелендіру негіздері 4
1.1 Меншік мемлекет иелігінен алу 4
1.2 Жекешелендіру 6
ІІ тарау. Жекешелендірудің мәні, түрлері және Қазақстандағы жекешелендіру үлгісі 9
2.1 Жекешелендірудің жолдары мен түрлері 9
2.2 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі 10
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26

КІРІСПЕ

Жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізуді нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру – меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды – жарамды өнім түрлерін өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.

І Тарау. Меншіктің мәні, түрлері және жекешелендіру негіздері

1.1 Меншік мемлекет иелігінен алу

Қазақстан Республикасында мемлекеттің алуан түрлері мен формаларын қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.
Меншік туралы Заңның 1-бабында, мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру арқылы қайта құру. Ал жекешелендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және басқа да заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру (сату) дегенді білдіреді. Әрине, мұнда мемлекеттің иелігінен (сату) алу мен жекешелендірудің ара – жігін ажырата білген жөн. Айталық, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекеттік мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді. Ал, жекешелендіруге келетін болсақ, мұнда меншік объектісі мемлекеттен біржола бөлінеді. Яғни меншік басқару құқығына да иелік өзгереді. Бұл субъектілер енді мемлекеттік тұтқаның иелері емес.
Меншік мемлекет иелігінен алу – күрделі, қарама – қайшы және әлеуметтік дау – жанжалды тудыратын процесс. Ол біздің бұрынғы Одаққа кірген республикалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін жаңа процесс, бірақ ХХ ғасырдағы дүниежүзілік тәжірибесімен салыстырғанда, бұл бәлендей жаңа құбылыс емес, соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі шаруашылық орнына келтіру кезеңдерінде көп тараған мемлекеттік меншіктің тиімділігі жоғары еместігін түсінген елдерде меншікті мемлекет иелігінен алу басталды. Бұл бағытта Ұлыбритания айтарлықтай табысқа жетті. Осындай процесс аз да болса, 70 - 80 жылдары басқа да елдерде жүргізілді.

1.2 Жекешелендіру

Халықаралық тәжірибе. Кейбір есептеулер бойынша 1984 жылы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет Батыс Еуропаның 19 елінде экономикада мемлекет үлесі төмендей бастағаны байқалған. Жекешелендіру Еуропада кең қанат жайды, өйткені мемлекеттік меншік еңбекшілердің мүддесіне сай келмеді. Күрделі мәселелер күрмеулі күйінде қалды.

ІІ тарау. Жекешелендірудің мәні, түрлері және Қазақстандағы жекешелендіру үлгісі

2.1 Жекешелендірудің жолдары мен түрлері

Кәсіпорын – халық шаруашылығының бастапқы ұясы. Материалдық және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен, банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым – қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көңіл бөлетін нысанасы болуы керек. Бұл орайда кәсіпорын іс – әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру керек.
Кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде ең қиын оның әдістері мен түрлерін (акцияландыру, жалға беру т.б.) анықтау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және жергілікті басқару мекемелерімен кәсіпорын арасындағы қарым – қатынас механизмін жасау болып табылады. 1990 жылы мемлекетке өндірістік қорлардың 90 - 95 пайызы тиесілі болған. 1992 жылдан бастап бей мемлекеттендіру, жекешелендіру мен бәсеке туралы, монополиялық іс – әрекетті шектеу туралы заңдардың қабылдауынан мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің едәуір азайғанын байқауға болады. Сонымен қатар орталық пен кәсіпорын қарым – қатынас механизмін, бастапқыда ойлағандай, қалыптастыру оңай болмай шықты.

2.2 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі

Рыноктық экономикаға көшу мен меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді талап етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілер (иелері) рынокта өз жұмыстарына өздері жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, жұмыс нәтижесіне толығымен иелік ететіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен көріну үшін рынокта меншік иелері бәсеке жағдайында әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыруы шарт. Дәлірек айтқанда, қазіргі рынок көп меншіктілік жағдайда ғана өз қызметін ойдағыдай атқара алады. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру рынокқа көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі де қиын жағдайда қалыпты әлеуметтік ахуалды жасауға еңбекшілерді әлеуметтік қорғауға, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мемлекеттің күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне, осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін ортақ мүдделерге сай пайдалана білетіндерге беру тиімді болары даусыз. Екіншіден, өндірісті дамыту, бағаның өсуін тоқтатып, өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенде ғана мүмкін болады. Бәсеке – рыноктың қозғаушы күші ретінде әрекет ете бастағанға дейін, халық шаруашылығын тұрақтандырып, инфляция құбылысын реттеу үшін, қаржы – несие қатынастарын берік қолда ұстау қажет. Сондықтан, жоғары салық ставкасы мен банк процентін енгізу керек болды. Әрине, мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайды, оның халыққа ауыртпалық келтіретіні де белгілі. Ал, рыноктың қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық үстемдікті жою және жекешелендіру өте қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде инвестициялық жекешелендірудің купондарының ақшаға баламалылығы жоқ және олар тек жекешелендірудің инвестициялық қорына салуға да арналған. Ал, бұл қорлар ашық түрдегі акционерлік қоғамдар болып табылады.
Жекешелендірудің инвестициялық қорлары – жалпы жекешелендіру мен республика азаматтарына жекешелендірудің купондарын беру басталған кезден құрылды.