Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары


Жоспар
Кіріспе 3
1. Коммерциялық банктер 6
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде 6
1.2 Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің қабілеті 8
1.3 Банкті басқару құрылымы 10
2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары 13
2.1 Банктердің қызметтері және операциялары 13
2.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі 15
2.3 Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері 17
3 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы 21
3.1 Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы 21
3.2 Экономиканы және халықты несиелендіру 22
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе
Коммерциялық банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды кұру мен жою болып табылады. Ақшаны құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен уақытша бос ақша қаражатгарын шоғырландырып несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруа ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарынн құрайды. Сонымен қатар, банктер ӨЗ ҚЫЗметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан қолма-қол түрде ақша алғанда несиені өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен болады.
Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі - банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады.
Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экономика мен тұрғындарды несиелендіру, қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқа да қаржылық қызметтер.
Банктердің ақша қаражаттарын оларды табысты орналастыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады.
Экономика мен тұрғындарды несиелендіру – банктік қызметтің ерекше облысына және банктердің актнвтік операцияларына жатады. Осыған байланысты банктер несиелік институттарға жатады.
Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен несие алушының арасында біріншінің екіншіге ақша каражаттарын төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен беруі бойынша қарым-қатынасы.
Несиенің екі нысаны: ақшалай және тауарлық, несиелендірудің - тікелей және жанама коммерциялық екі түрі бар.
Несиенің негізгі принциптері: мерзімділік, төлемділік және қамтамасыз ету болып табылады. Несиені қамтамасыз етудің басты түрлеріне: кепілдеме, бағалы қағаздар, тауар және басқадай мүліктердің кепілі және қозғалмайтын мүлік құжатгары жатады.
Қарыздар мерзімі бойынша: қысқа, орта және ұзақ болады; төтенше жағдайларға қажет – перманентті, құрылыстық, тұтынушылық несие және кепілхат вексельді кепілге салу, лизинг арқылы берілетін қарыздар бар.
Қарызды беру қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражат болмаған жағдайда қарыздың мақсаттық бағытына сай ашылатын жекелеген шоттар арқылы тауарлы-материалдық құндылықтар (ТМҚ) және көрсетілген қызметтер, келісім шартта белгіленген қарыздардың пайдаланылмаған сомасы шегінде аккредитивтер мен чектік кітапшалар ашу үшін жүзеге асырылады.
Қарызды пайдаланғандығы үшін төленетін төлем көлемі (пайыз) оны пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлем қабілетсздігіне тәуекелдігіне, несиелік ресурстар үшін төленетіне, объектінің сипатына, банктердің мөлшерлемелеріне т.б. факторларға тәуекелі белгіленеді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысын, яғни шаруашылық органдарының шоттары бойынша оларға төлемдер бойынша міндеттемелерінің орындалу тәртібі жөніндегі ақшалай сомалардың жазбалар түрінде аударылуын сипаттайды. Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең етек алуы қолма-қол ақша қозғалысы ауқымын шектеумен айналыс шығындарын азайтуға, шаруашылық мәмілелерді аяқтауга мүмкіндік береді.
Есеп айырысу кезінде келесідей төлем кұрададары қолданылады: төлем тапсырма, чектер, вексельдер аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер (тапсырмалар).
Есеп айырысу операцияларының арасында негізгі үш тобын көрсетуге болады. Чектер мен вексельдің көмегімен жүргізілетін инкассалық операциялар, аккредитивтер көмегімен жүргізілетін есеп айырысу, аударым операциялары.
Инвестция түсінігінде халық шаруашылығына оны кеңейту мен қайта құру, сондай-ақ табыс табу мақсатында ұзақ мерзімге қаражаттарды салуды түсіну керек.
Бағалы қағаздар сол не басқа қаржылық мәмілесін жасау жайлы қозғалысы бағалы қағаздар нарығын құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты, комерциялық банктердің қызметі мен операцияларын жан-жақты талдап, ашып көрсету.
Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Коммерциялық банктер
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» дегеи атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

1.2 Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің қабілеті
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

1.3 Банкті басқару құрылымы
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі бантік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін - Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
2.1 Банктердің қызметтері және операциялары
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде кандай да бір кажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

2.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк несиелерн беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік. Шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалады.

2.3 Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері
Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа кұрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.

3 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
3.1 Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық бір тұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден, мысалы: ауыл шаруашылық ауданындағы банк - өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау - жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері - банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады.

3.2 Экономиканы және халықты несиелендіру
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі - базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздарға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Қорытынды
Нарық экономикасында банктер қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналады. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. байланысты экономиканы басқару органы ретінде көрінеді
Банктік реформаны жүргізудің қажеттілігі мыналармен түсіндіріледі: қаржы ресурстарының дұрыс бөлінбеуінен, банктерде мерзімі өткен қарыздардың зиянды мемлекеттік кәсіпорындардың есебінен көбеюі; шаруашылық органдарының арасындағы төлемдер мен есеп айрысуларды жүргізуде бұрынғы жүйенің қабілетсіздігі.