Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар, WEB, HTML
Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар, WEB, HTML 4
1.1 Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар 4
1.2 HTML негіздері 7
1.3 Мәтінді форматтау тегтері 9
1.4 Тізім 10
1.5 Сілтеме 12
1.6 HTML-де кесте жасау 12
1.7 Программалық жабдықтау 13
1.8 Негізгі білім мен дағды көлемі 19
1.9 Жие қолданылатын тег және атрибуттер тізімі 20
1.10 Лабораториялық жұмыс. Сурет атрибуттарын тағайындау 22
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
1 Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар, WEB, HTML
1.1 Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.
Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
1.7 Программалық жабдықтау
HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кезкелген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.
Практикады әдетте Web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.
Бірінші үлкен топтың Web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа төменгі программалар кіреді: