Құқық нормаларын қолдану актілермен логикалық құрылымы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері 6
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі 6
1.2 Құқықтық норманың құрылым, жүйелері және түрлері 11
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар 21
2 Құқық нормаларын қолдану актілермен логикалық құрылымы 50
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері 55
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы 59
3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі 62
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері 68
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар 69
Қорытынды 80
Пайдаланған әдебиеттер 83
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Алайда құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды реттейді, онсыз мемлекеттің, қоғамның болуы мүмкін емес.
Ғылыми жаңалығы. Заң нормасы –құқық жүйесінен пайда болатын алғашқы құқықтың клеткасы. Соған байланысты ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде өзіне тән белгілері бар. Құқық және құқық нормалары бір –біріне сай келмейді. Олар жалпы және жеке түрде қатынаста болады. Құқық –бұл құқықтық нормалардың жиынтығы, ал құқықтық норма ең маңызды қоғамға және тұлғаға қатысты өте қажет қоғамдық қатынастарды реттеуші. Құқықтық нормада қоғам және тұлға үшін зиянды қатынастар да бейнеленеді. Құқық нормаларын өз органдары атынан мемлекет бекітеді және ол орындалуға міндетті, оны бұзғандар заң алдында жауапкершілікке тартылады.
Теориялық және практикалық маңыздылығы. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы. Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым – қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, жеті параграфтан, қорытындымен қолданылған әдебиеттерден тұрады. Көлемі елу тоғыз бет.
1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері
1.1 Құқықтық норманың жалпы түсінігі
Қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тәртібі, көптеген нормалармен белгіленеді, оларды ғылымда нормативті жүйе деп атайды. Бұл жүйе әртүрлі өмір аясындағы адамдардың тәртібін ретке келтіретін нормалардың жиынтығы.
Нормативті реттеу жүйесінің өзі, аз дегенде екі жүйеден тұрады: а) техникалық жүйелер б) әлеуметтік нормалар жүйесі ;
Техникалық нормаларға кең көлемде, «адам - машина» , «адам мен еңбек құралдары», «адам және өндіріс», «адам- табиғат» (субъекті мен объект) қатынастарын реттейтін нормалар жатады.
Техникалық нормалардың негізгі айырмашылығы сонда, олар адамдар мен сыртқы дүниенің (табиғат пен техниканың) қатынастарын реттейді, олардың «Субъективтік құралы» тек адамдарға ғана қатысты емес.
1.2 Құқықтық норманың құрылым, жүйелері және түрлері
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар
Құқық нормалары мен діни нормалардың ұқсастығы іс жүзінде құқық нормасы мен мораль нормалары сияқты нормативтенген (белгілі нормалардың жиынтығы, олар адам тәртібін бағалайтын белгілер, эталондар); универсальдігінде (нормалары барлық қоғамдық қатынастарға таралады, яғни жеткілікті түрдегі әлеуметтік нормалар жүйесіндегі универсальды реттеуші); құқық пен діннің жалпылығы (адамдар арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған).
Сонымен бірге, құқық пен діннің арасында принципиальды өзгешелік бар. Қоғамдық өмірді секуляризациялау, ұяттық бостандықты бекіту. Мысалы, «Торы» ұйғарымы иудаизмді қолдаушыларға ғана таратылады, «Құран» соған сай ислам дінін уағыздаушыларға таратылады. Дін мен құқықтың әрекет жасау тетігі әртүрлі.
2 Құқық нормаларын қолдану актілермен логикалық құрылымы
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан – жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Көрсетілген құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым – қатынастарын реттеп, басқару үшін өмірге келді. Бұл объективтік процес. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Қазақстан Республикасының құқығы да осы үш бағытта дамуды:
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы
Әрбір құқықтық норманың ішкі құрылысы бар. Оның құрылысы белгілі құрамды бөлшектерден тұрады:
3 Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі
Талқылау – құқық нормаларына түсінік беру.
Құқық нормаларын талқылау – мемлекеттің құзыретті органдарының қызмет және қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың шын мәнісіндегі құқық нормаларының мазмұнын түсінуге арналған. Талқылау процесінде норма әрекеттерінің жағдайы, құқықтық қатынастың мүшелерінің заңды құқықтары және міндеттері белгіленеді, сонымен бірге құқық нормаларының ұйғарымын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік мөлшері көрсетіледі.
Талқылау құқық нормаларының іске асырылуын толық және жан – жақты жүргізу, атқару органдарының қызметінде, сот және прокуратура органдарында, азаматтарының және ұйымдарының өздерінің, заңды құқықтары мен міндеттерін орындау кезінде қамтамасыз етілуі қажет болады. Соған байланысты, талқылау құқық нормаларының барлық әрекет ететін аумағында бір жақты түсінуге және қолдануға ықпал жасайды, әр түрлі қоғамдық өмір аясындағы заңдылықты және біркелкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері
Құқықтық нормаларды талқылаудың Ресми актілері (талғап – талғап түсіндіру) – құқық нормаларының мазмұнын түсіндіру, екіншіден, олардың ұйғарымын нақтылау және дәлелдеу. Талдау және талғау актілерінің ерекшелігі, олар талқыланатын заң нормалары кіретін нормативтік – құқықтық актілермен бірігіп әрекет етеді.
Талдау талғаудың нәтижесін біріктіретін құрал – нысан. Міне, осындай актілер толық көлемде құқық нормаларын ресми түсіндірудің функциясын орындайды, себебі, олар құзыретті органдардың құқықтық – шығармашылығы қызметіне қатынасы жоқ.
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар
Құқық тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесіңде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).
Құқық өзгеретін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастардың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).
Қорытынды
Сонымен, шектеу және тарату талқылаулары шын мәніндегі құқық нормаларының мазмұнын толық сәйкестендіреді және нормативтік – құқықтық баптың мәтінінде дәл жазылады.
Құқық нормаларын түсінуде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың мазмұнының анықтығы, белгілігі толық еместігін байқаймыз. Ол әр түрлі себептермен түсіндіріледі. Мысалы, азаматтардың заңмен таныстығының жетімсіздігі, көп жағдайда құқық нормаларын түсіндіруге қиындық туғызады, мысалға кейбір кездегі кездесетін іс жүзіндегі құқық қолданудағы қайшылықтарды айтуға болады. Сондықтан, қажетті жағдайда жататындар құқық нормаларын талқылау – түсіндіру және оларды дәл іске асыруды қамтамасыз ету, іс жүзіндегі, әсіресе оларды қолдану процесіндегі қателікті жібермейді.