Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Баяндама

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Бюджеттеу және негізгі бюджетті құру

Жоспар
1. Шығындарды жоспарлау мен бақылау 3
2. Мекеменің қызметін жоспарлау және бақылау 6
3 Бюджеттің функциялары 11
4. Мекеме бюджетін қалыптастыру әдісі 16
Әдебиеттер 22

1. Шығындарды жоспарлау мен бақылау
Шығын туралы деректер көптеген басқару шешімдерінде шешуші мәнге ие. Бұрын шығынның мінез-құлық проблемалары мен басқару есебінің негізіне аса кажетті «шығын - мөлшер – пайда» моделі бойынша талдау қарастырылып келген болса, ендігі жерде бұл жинақталған білімді шамамен аса көп емес уақыт аралығында да, есептелген айтарлықтай кезеңде де ұтымды басқару бойынша шешім қабылдауда пайдалануға болады.

Бухгалтерлік басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп ұғуға болады. Осыған орай бюджет (немесе смета) -бұл жоспар. Жоспарлаудың нағыз нақтыланған деңгейіне жататын - бюджеттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойынша жекелеген бюджеттерді әзірлеу процесін білдіреді.
Бюджет үғымына тоқталмастан бұрын терминология проблемасын қолға аламыз. Әдеттегі "бюджет" ұғымын біз санамызда "бюджет тапшылығы" дейтін сөз тіркесі әбден сіңісті болған отбасылық, жергілікті. федералдық, мемлекеттік тәрізді анықтамалармен байланыстырып қарауға үйренгенбіз. Басқару есебінде дербес есеп түріндегі "бюджет" термині батыс елдерінде смета (кірістер мен шығыстардың сметасы) ретінде біздің ұғымға жақын басқаша мағынада қолданылады.

2. Мекеменің қызметін жоспарлау және бақылау
Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.:
Бұл—бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды-бір-саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.

Жоспарлау дегеніміздің өзі - кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорыннын өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.

3 Бюджеттің функциялары
Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді.
Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:

4. Мекеме бюджетін қалыптастыру әдісі
Бюджет - бұл нақты жүзеге асыру максатындағы жоспардың сандық көрінісі. Ол тұтас ұйым үшін де, оның бөлімшелері үшін де жасалуы мүмкін.
Бюджет шын мәнінде пайдалы құжат болуы үшін бірнеше әзірлік жұмыстары жүргізілуі керек. Анықтап айтқанда: