Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Статистика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Экономикалық индекстер


Жоспар
1 Экономикалық индекстер 3
1.1 Индекс түсінігі және оның түрлері 3
1.2 Жеке индекстер 6
1.3 Салмақсыз жалпы, салмақты орташа индекстер 8
1.4 Базис салмақты агрегатты индекстер. Ласпейрес индекстері 12
1.5 Факторлар ықпалын индекстік талдау 14
Әдебиеттер 17

1 Экономикалық индекстер
1.1 Индекс түсінігі және оның түрлері
Латыншадан аударғанда индекс (іndex) сөзі кейіп, белгі деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді көбінесе “көрсеткіш” мағынасында да қолданады.
Статистикада индекстер деп арнайы экономикалық көрсеткіштерді айтады. Олар экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудегі маңызды құрал болып саналады. Статистикалық индекстер экономикалық құбылыстардың даму дәрежесін көрсетеді, яғни олар қарастырылып отырған құбылыстардың жалпы көлемін өрнектемейді, қайта оларды салыстырмалы түрде сипаттап, өзгерістерін анықтайды.
Индекстер әдетте салыстырмалы шама түрінде бейнеленеді. Сол негізде индекстерді салыстырмалы шамалар деп сипаттау барлық оқулықтар мен ғылыми шығармаларда кең қолданылады. Бірақ бұндай сипаттау — индекстердің маңызын шектен тыс жоққа шығару, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды білу құралы ретіндегі рөлі мен орнын тар шеңберден шығармай, шектеп қою деген сөз.

1.2 Жеке индекстер
Жеке индекстер жинақ шеңберінде кейбір құбылыстардың өзгерісін бейнелейді. Бұл үшін ағымдық кезең көрсеткішімен салыстырылады:

1.3 Салмақсыз жалпы, салмақты орташа индекстер
Бұл индекстер күрделі элементтер құбылыстың өзгеруіне тең мөлшерде қатысады деген гипотезаға негізделген. Салмақсыз индекстерді құрудың екі түрлі әдісі бар. Олар қарапайым орташа шама мен қарапайым агрегат ұғымдардың қолданылуына негізделеді. Бұл әдістермен салмақсыз жалпы бағалар индексін құру мысалы арқылы жақынырақ танысамыз.
Алғашқы әдісте орта баға индексі жеке баға индекстерінен есептеп табылған қарапайым орта шама формасында құрылады. Ол көбінесе арифметикалық орташаға негізделеді. Бұл жағдайда әрбір өнім үшін ағымдық және базистік бағаларды салыстыру жолымен жеке индекстер анықталады. Содан соң олар қосылып, алынған қосынды қосылғыштар санына бөлінеді.

1.4 Базис салмақты агрегатты индекстер. Ласпейрес индекстері
Агрегат сөзі латынның “aggregatus” сөзінен алынған. Ол өзара біріктіру, қосу, тығыз байланыстыру дегенді білдіреді. Демек, агрегат көрсеткіштер алуан түрлі экономикалық көрсеткіштерді өзара біріктіруден, тығыз ұштастырудан құрылған жалпы, құрама, жинақталған көрсеткіштер болып табылады да, күрделі құбылыстардың мөлшерлік, сапалық айқындығын өлшейді.
Міне, осындай көрсеткіштерді түрлі кезеңдер үшін арнайы жасап, оларды өзара салыстыруға негізделген индекстер агрегат индекстер деп аталады. Олар күрделі экономикалық құбылыстарды өзгеруін бейнелейді.
Агрегат индекстер жасаудағы негізгі проблема мазмұн жағынан алуан түрлі көрсеткіштерден жалпы агрегат жасау болып табылады.

1.5 Факторлар ықпалын индекстік талдау
Экономикалық құбылыстар өзара тығыз байланысты. Нақ осындай байланыстар индекстер арасында да бар. Егер баға индексін сатылған физикалық көлем индексіне көбейтсек, тауар айналымы (сатылған өнім) құнының индексі келіп шығады:

Әдебиеттер
1. ҚР Статистика жөніндегі Заңы, Астана, 2001 жыл.
2. Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер. Алматы: ҚР Статистика агенттігі, 2005 жыл.
3. Методологические положения по статистике, Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
4. Абдурахманов, Құсайынов Т.А., Байдақов А.Қ. Статистика және ҰШЖ. Астана, 2010 жыл.
5. Әміреұлы Ы. Статистиканың жалпы теориясы. Алматы. Экономика, 1998
6. Шайкенова Н.Т. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2005
7. Абдурахманов М.А. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2006
8. Елемесова А.М., Киіков Е.М. Ұлттық есеп жүйесі. Алматы, Экономика. 2000
9. Авров А.П. Общая теория статистики. Алматы, 2004
10. Әміреұлы Ы., Бейсекова Ж.Ы. Статистиканың жалпы теориясы бойынша есептер жинағы. Алматы, 2004