Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе 3
1 Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы. 4
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы 7
3 Атқарушы органдар 11
4 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары 18
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 21
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
1 Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы
Өкілетті органдар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
3 Атқарушы органдар
Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы.
Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.
4 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді.
Қорытынды
Қарастырып өткен тақырыпты қорытындылай келсек, мемлекеттік аппарат дегеніміз – бұл мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі, басқаша айтқанда, мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару жане сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық жане жергілікті органдарға бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н.
2. Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы. 1999. 320б.
3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. 27б.
4. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
5. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.
6. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж. 21 қазан. 3-5б.
7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
8. 2000ж. 48б.
9. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж. 15 мамыр. 3-4б.
10. Қазақстан Республикасының соттарының қысқаша тарихи кезеңдері. Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2001 10-11б.
11. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.
12. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы. 574б.
13. Қазақстан Республикасының «Соттар және судьялардың құқықтық жағдайы туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 2000ж. 28 желтоқсан. 3-4б.