Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының банк жүйесі экономикалық мәні, сипаты, құқықтық негіздері

Жоспар
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2. Банк қызметінің экономикалық мәні
3. Банк қызметінің экономикалық сипаты
4. Банк қызметінің құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығына қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейде жоғарғы мен төменгі деңгейден тұрады.

Банк жүйесінде жүргізілетін әр алуан банктік (операциялық) қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі және ресурстық – ұйымдастыру негізі банк жүйесінің экономикалық, сондай-ақ заңнамалық негізін құру прцесінде айқындалады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (корпоративтік) басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.