Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау
Жоспар
1 Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау 3
1.1 Статистикалық топтастыру туралы түсінік 3
1.2 Топтастыру түрлері 5
1.3 Қарапайым және күрделі топтастыру 6
ӘДЕБИЕТТЕР 8
1 Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау
1.1 Статистикалық топтастыру туралы түсінік
Статистикада топтастыру деп атастырылып отырған құбылыстарды (объектілерді, бірліктерді) маңызды белгілеріне сәйкес топтарға (жинақтарға) біріктіруді айтамыз. Мәселен, акционерлік компанияларды дивиденд төлеу деңгейіне қарай топтарға бөлу осыған жатады. Егер жинақталған мәліметтерді қорытып, жалпы көрсеткіштер алумен шектелсек, онда олар түрлі статистикалық жинақтарға тиісті болуы мүмкін. Бұндай кездерде олардың құрылымы мен ерекшеліктерін анықтай алмаймыз.
Топтастырудың мәні сол, ол мәліметтерді қорытып пайдалануға дайындау үшін оны ықшам, қолайлы түрге келтіруді қамтамасыз етеді. Бұдан тыс топтастыру жинақталған мәліметтерді түрлі тұрғыдан өңдеуге және талдауға негіз қалайды. Бұл үшін топтарды пайда болу белгісіне қарай іріктеп, жасалатын топтардың саны мен олардың шекараларын анықтаудың арнайы ғылыми тәртібі мен ережелеріне сүйену керек. Статистикада бұндай ғылыми принциптер әлдеқашан-ақ қалыптасқан.
1.2 Топтастыру түрлері
Топтастыру статистикалық байланыстар мен заңдылықтарды анықтау, қарастырылып отырған жинақтың құрылысын үйрену және шаруашылықтардың әлеуметтік-экономикалық типтерін сипаттау мақсатымен орындалады. Оның бірнеше түрлері мен формалары бар. Топтастыру мақсат-міндеттеріне қарай үш түрге бөлінеді: 1) типтік; 2) аналитикалық; 3) құрылымдық топтастыру.
Типтік топтастыру дегенде қарастырылып отырған құбылыстар жинағын әлеуметтік-экономикалық типтерге бөлуді түсінеміз. Тип сөзінің мынадай мазмұны бар: 1) бір түрлі нәрселер үшін ортақ үлгі; 2) биологиялық жануарлар мен өсімдіктер жүйесіндегі өзара ұқсас сыныптарды біріктіретін жоғарғы бөлім; 3) бірқатар ішкі және сыртқы белгілердің ортақтығы негізінде бірлескен адамдар категориясы.
1.3 Қарапайым және күрделі топтастыру
Топтастыру бір немесе бірнеше белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Бір белгі негізінде құрылған топтастыру — қарапайым немесе бір өлшемді топтастыру деп, ал екі және одан артық белгілер негізінде құрылған топтастыру — күрделі немесе көп өлшемді топтастыру деп аталады. Бір фактор немесе белгі негізінде құрылған аналитикалық топтастыру қарастырылып отырған фактор мен нәтижелік белгі арасындағы байланысты бейнелегенімен, бұл байланыс таза күйінде көрінбейді. Өйткені бұл фактордың өзі басқа факторлардың ықпалымен қалыптасады, сол себепті нәтижелік белгінің құбылмалылығы тікелей қарастырылып отырған фактордың ықпалынан тыс бөгде әсерлерге де байланысты болады.
Статистикалық топтастырудың жоғарыдағы түрлері әрбір объектіге тиісті бастапқы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан ол бірінші топтастыру деп жүргізіледі. Бірақ бұндай бірінші топтастырумен қатар олардың нәтижелерін қайта өңдеу жолымен жасалатын екінші топтастыру да кездеседі. Бұл әдіс әдетте бірінші топтастырудың нәтижелері ойдағыдай болмай қалғанда немесе оларды салыстыру қажеттігі туылғанда жүзеге асырылады. Екінші топтастыру екі жолмен жүргізіледі:
Әдебиеттер
1. ҚР Статистика жөніндегі Заңы, Астана, 2001 жыл.
2. Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер. Алматы: ҚР Статистика агенттігі, 2005 жыл.
3. Методологические положения по статистике, Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
4. Абдурахманов, Құсайынов Т.А., Байдақов А.Қ. Статистика және ҰШЖ. Астана, 2010 жыл.
5. Әміреұлы Ы. Статистиканың жалпы теориясы. Алматы. Экономика, 1998
6. Шайкенова Н.Т. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2005
7. Абдурахманов М.А. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2006
8. Елемесова А.М., Киіков Е.М. Ұлттық есеп жүйесі. Алматы, Экономика. 2000
9. Авров А.П. Общая теория статистики. Алматы, 2004