Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті


Жоспар
Кіріспе 3
I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері 4
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама 4
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру 5
II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі 18
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама 18
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру 20
III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті 40
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау 40
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру 51
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59

Кіріспе

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асырудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің дипломдық жұмысым осы капитал жайында болмақ.
Мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті» деп таңдаған себебім – ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық тұрақтылығына әсер ететін бірден-бір экономикалық категория ол меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі ұйымның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол – ұйымның меншікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу – меншікті капиталдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді.

I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері

1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі - бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру

Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жай және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқығы бар.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағащдар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интелектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 1270 «Есептелген пайыз» шотының дебеті бойынша және 6110 «Акция бойынша дивиденттермен пайыз түріндегі табыс» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебеттелген және 5030 шоты кредиттелген – қызылмен жазылады.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капиталда азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де, 1030, 1010, 2730, 2410, 1310, 1320, 1330 шоттары кредиттелінеді.
Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5020, 5010 шоттары дебеттеледі де, «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі. Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-шы «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5110 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі

2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама

«Байсерке» агрокешені оңтүстік астанадан 15шақырым жердегі Алматы облысының, Іле ауданында, Байсерке ауылы, Д.Қонаев көшесі №1-де орналасқан, 19,1га жері бар. «Байсерке АГРО» 2001жылы 7желтоқсан күні құрылып, ұнтарту, жарма және макарон өнімдерінің ассортиментін кеңінен өндіретін ірі тауар өндіруші ретінде Қазақстан және ТМД елдерінде кеңінен танылды. «Байсерке АГРО» ЖШС негізгі қызметі ауылшаруашылығы шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру, қайта өндіру, сақтау және қайта қорытып олардан халық тұтынатын тағам түрлерін (ұн, жарма, макарон тағамдары) және үй жануарларына арналған жем дайындайды. Сонымен қатар қойма үй-жайларын жалға береді.
Агрокешеннің Қазақстан, ТМД және алыс шетелдерге азық-түлік жіберу үшін қолайлы автокөлік кіретін және теміржолдары бар. Осы қазіргі уақытта кәсіпорында мына төмендегідей цехтар мен өндірістер жұмыс істейді:

2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру

Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің бірінші бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің екінші бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, резервті капитал және бөлінбеген капитал (жабылмаған зиян) кіреді.
«Байсерке АГРО» ЖШС өз шаруашылық қызметін 2001 жылы бастады. Ол кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде меншікті капиталы болуы міндет болатын. Бұл мекемені бір құрылтайшы арқылы 226 500 000 теңгеге сатып алып, 775 айлық есептік көрсеткішпен өз шаруашылық қызметін бастаған.

Кесте 3. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге, олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.

Кесте 6. «Байсерке АГРО» ЖШС-нің кассасында мынадай операциялар жүргізіледі

III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті

3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау

Талдау жүргізгенде баланс активінің құралу көздерін талдау керек. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінін келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді активтерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген мерзімі көрсетіліп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағында анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екндігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру

Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып білу шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты.
ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері».
Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді(оны қолмен ұстауға болмайды).
30 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық, резервтік, қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс(жабылмаған зиян).
Жарғылық капитал аудиті. Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық түріне байланысты.
Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады:

Қорытынды

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қай саладағы болмасын өз қызметінің соңғы нәтижесінде негізгі мақсаты пайда табу екендігі кімге болса да белгілі. Ал экономикалық теория мен микроэкономика курсын оқығанда кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша арқылы ақша жасағанда, яғни ақшаны айналымға салғанда пайда табатынын оқып білген болатынбыз. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің бос тұрған, яғни уақытша пайдаланылмай тұрған ақшаларын айналысқа салса ғана оны тиімді пайдаланғаны болып табылады. Бірақ та бұл үшін кәсіпорындар мен ұйымдар белгілі-бір тәуекелге баруына тура келеді. Мұндай тәуекелге бел байлау кей уақыттарда кәсіпорындар мен ұйымдарға пайда әкелсе, екінші бір кезеңде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осы айтылғандай шығынға ұшырамау үшін бухгалтерлік есп жұмысын дұрыс жүргізіп, оның мәліметтерін уақтылы пайдалану керек екендігін айтып өтпекпін.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.