Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Тараздың көне моншалары

Көне деректерге сүйенетін болсақ, Тараз қаласы Талас өңіріндегі саяси мәдениеттің ірі орталығы болған республикадағы ежелгі қалалардың бірі. Онда көптеген елдің көпестері, мемлекетаралық іспен шұғылданған елшілер, әртүрлі діни ағымды таратушы миссионерлер мен жол кезбелер, тарихшылар болып кеткен. Соңғы кезде көне қала жұртындағы археологиялық қазба жұмысы барысында ірі қоғамдық ғимараттардың тұғырлары мен қабырғаларын безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы Таразда сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимараттардың болғандығын растайды.

Моншаның батыс жағында екі жерден бір бағытқа тартылған ылас жуынды сулар ағатын көлемі бір метрдей келетін қыштан күйдіріліп жасалған түбі жалпақ сүзгіш бар. Пайдаланылған ылас су осында жиылып, одан әрі су құбыры арқылы тастан қаланған құдыққа құйылған.
Біз төртінші бөлменің батыс жағындағы астауға жақын, терендігі 4 метрге дейін айналасы тастан қаланған құдықты қаздық, бірақ түбіне жете алмадық.

Жалпы ортағасыр дәуіріндегі дәрігерлер моншаның адам өміріне тигізетін әсерін жоғары бағалаған. Мәселен, атақты ғалым дәрігер Ибн Сина «әрбір моншаның ыстықтығы бір қалыпты, кіре беріс бөлмесі кең, жарық және бөлмелердің қабырғаларында сұлулықты уағыздайтын тамаша суреттер болуы керек» деген. Демек, орта ғасыр дәуіріндегі адамдар монша кабырғаларындағы әртүрлі тақырыптағы бейнеленген мазмұңды суреттерден қиялы шабыттанып, эстетикалық ләззат алып, рахаттана дем алатын болған. Сонымен бірге монша ертеден-ақ көпшілік қауымның бас қосатын орны болған, онда тек тән тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, әртүрлі лауазымды іс адамдарымен кепестер бас қосып, көптеген келелі мәселелерді шешіп отырған.

Осындай қолда бар жәдігерлерді көрсету арқылы казақ халқын ықылым заманнан-ақ мәдениеті өркендеген өркениетті ел екенін әлемге танытуға болады. Әрі оның өзі қаланың екі мың жылдық торқалы тойына таралғалы тарту болған болар еді.