Қазақстан Республикасының Президенті институтының конституциялық негіздері
Жоспар
1 ҚР Президенті институтының түсінігі және қалыптасу тарихы 3
2 ҚР Президентінің өкілеттігі және актілері 5
3 ҚР Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар мәртебесі 7
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 9
1 ҚР Президенті институтының түсінігі және қалыптасу тарихы
Республика Президентi :
1. мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2.халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
2 ҚР Президентінің өкілеттігі және актілері
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері.
Президенттiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi:
Республика Президентi:
1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды ;
2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелерi өкiлеттiктерiнен айырылған немесе олардың өкiлеттiктерi тоқтатылған жағдайда бiр ай мерзiмде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды ;
3 ҚР Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар мәртебесі
ҚР Президентiнiң Күзет қызметi - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн күштерге жататын және осы Заңмен белгiленген құзырет шегiнде күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк орган.
ҚР Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi: