Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 32 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тәуекел


Жоспар
Кіріспе 3
1 Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі 5
1.1 Тәуекел мәні және функциялары 5
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі 7
2 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау 14
2.1 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау 14
3 Тәуекелдікті төмендету жолдары 21
Қорытынды 32

Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.
Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.

1 Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
1.1 Тәуекел мәні және функциялары
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел табиғи түрде менеджментпен, оның барлық функцияларымен, жоспарлаумен, оперативті басқарумен, экономикалық бақылаумен, персоналды басқарумен түйіндес. Бұл функциялардың әрқайсысы тәуекелдің белгілі бір өлшемімен байланысты және оған шаруашылық жүргізудің икемді жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Яғни тәуекелдің ерекше менеджменті немесе тәуекелдің экономикалық мәнін тануға, кәсіпкерлік қызметтегі оған қатысты стратегияны дайындау және іске асыруға негізделген басқарудың ерекше жүйесі қажет.
Экономикалық ортада тәуекел әрдайым орын алса да, ол жеткілікті зерттелмеген. Ол бұл категорияның ұзақ уақыт теориялық зерттеу объектісі ретінде емес, практикаға қатысты қарастырылғанымен түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта жағдай өзгере бастады: бұл нәрсе жоғары назар объектісіне айналды, ал экономикалық реформалардың басталуы – біздің зерттеу объектімізге.

1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі
Экономикалық тәуекелдердің жіктелуінің әртүрлі нұсқалары тәуекелділік ретінде қабылданатын белгілі бір нәтижеге әртүрлі қатынасты шарттайтын нарықтық экономиканың базисті қағидаттарынан құралады. Сондай қағидаттарға мыналар жатады:

2 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау
2.1 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау
Тәуекелді талдауға тәуекел аспектілері бойынша мәліметтерді жинау және өңдеу, тәуекелді сандық және сапалық талдау кіреді.
Тәуекел аспектілері бойынша мәліметтерді жинау және өңдеу – тәуекелді басқару үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі, себебі басқару үрдісі бірінші кезекте әртүрлі ақпаратты алу, өңдеу, жіберу және тәжірибеде пайдалануды білдіреді.

3 Тәуекелдікті төмендету жолдары
Жобаның тәуекелдігінің жоғары деңгейі оны төмендетудің жасанжы жолдарын іздеуге итермелейді.
Жобаларды басқару тәжірибесінде тәуекелді төмендетудің 3 тәсілі бар:
- жобаға қатысушылар арасында тәуекелдікті бөлу (тәуекелдің бөлігін орындасушыларға беру);
- сақтандыру;
- күтілмеген шығындарды жабу үшін қорларды сақтау;
Тәуекелді бөлудің қарапайым тәжірибесі тәуекелді әрдайым есептеуге және бақылауға мүмкіндігі бар жоба қатысушысын тәуекелге жауапты етуден тұрады. Бірақ өмірде дәл осы серіктестің тәуекел әрекетінің зардабына төзуге қаржылық жағынан жеткілікті берік емес болуы жиі кездеседі.

3.1-сурет. Тапсырыс беруші мен мердігер арасында тәуекелді бөлу үрдісінің жалпы концептуалды моделі
Бір жағынан тапсырыс беруші барлық сапа және мезгіл бойынша талаптар орындала отырып, келісімнің құнын мүмкіндігінше төмендетуге тырысады. Екінші жағынан орындаушы тапсырыс портфелін құру кезінде максималды табыс алуға тырысады. Орындаушының табысы, яғни тапсырыс портфелін бағалау келесі формула бойынша анықталады:

Қорытынды
Курстық жұмысымды қорытындылай келе кәсіпкерлік қызметте тәуекелді бағалаудың маңыздылығын нақты көрсетуге болады.
Кәсіпорын құрудың әр қадамында тәуекелдік болады, себебі ешешім қабылдауда әрдайым тәуекел ықтималдығы, тәуекелдің деңгейі, шығындар көлемі ескеріледі және оның көлемін азайту, тәуекел деңгейін төмендету жолдары міндетті түрде қарастырылады.
Тәуекел деңгейі тек қаржыға ғана байланысты емес, оған бәсекелестер де әсер етеді. Сондықтан тәуекелдікті бағалау кезінде олардың да алдағы қадамдарын мүмкіндігінше болжай білу қажет.
Тәуекелдікті бағалаудың көп мәліметтерді қажет ететіні белгілі. Мәлімет жеткіліксіз болған жағдайда тәжірибелі мамандардың болжамына сүйену қажет. Бұл деген кәсіпорында білімді мамандардың жұмысының күрделілігін көрсетеді.