Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сапа менеджментінің кейбір теориялық мәселелері

Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдік экономикалық жүйені дамытуға тән сипат ИСО 9000 халықаралық стандарттарының кеңінен таралуы. Әртүрлі халықаралық ұйымдар жүргізген зерттеулер сапа жүйесіне салынған инвестиция тез өтелетінін көрсетіп отыр. Өйткені ол жүйені енгізген кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрақты даму потенциалы қалыптасады. ИСО 9000 бойынша сапа жүйесін енгізген кәсіпорындардың шаруашылық кызметтерінің орташа салалық көрсеткіштері аталмыш жүйені қолданбайтын бәсекелестерінің көрсеткіштерінен 2-3 артық болады.

ИСО 9000:2000 сериялы стандартына сәйкес құрылған сапа менеджментінің жүйесі - бұл кәсіпорынның қызметінің негізгі аспектілерін жарнамалайтын, құжаттардың құрылымды жинағының негізі болып табылатын басқарудың ішкі жүйесі. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасы кәсіпорын қызметін сипаттайтын, әсіресе, өндірілетін өнімнің сапасына тікелей әсер ететін маңызды процестерді сипаттауы тиіс. Қызметтің негізгі процестерін сипаттайтын құжаттама олардың тексерімділігін, нақты түсінігін, басқармасы мен тұрақты жақсаруын қамтамасыз етеді.

Сапа менеджментінің нәтижелі жүйесі кемшіліктерді табу және түзету кететін шығыдарды азайтуға, сонымен қатар кемшіліктерімен және сәйкес келмеуінен туындаған шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сапа менеджментінің нәтижелі жүйесі сонымен қатар басқаруға кететін шығындар деңгейін азайтуға мүмкіндік береді: компания қызметі маңызды процесстерінің құжаттауы олардың жақсы басқарылуын қамтамасыздандырады; бақылау, талдау және процестердің кайта қарауы олардың толассыз толық жетілдіруі қамсыздандырылады; өкілеттіліктердің таратуы және қызметші жауаптылығының міндеттердің атқарылуы бақылау механизмдері және жағымсыз нәтижелердің ескертулері көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді серіктестік нәтижесінде сенімді қатынастар қалыптасады. Кәсіпорын серіктесіне, сол арқылы тұтынушыларына нарықтағы қызмет көрсетуі кезінде өзгермейтін деңгейдегі сапамен қызмет көрсете алатынын дәлелдеуге тиіс.
Сондай дәлел және нақты бәсекелес артықшылығы - енгізіліп, сертификатталған сапа менеджментінің жүйесі болмақ.
Бұрын еліміздегі кәсіпорындар негізінен өнімдерді сертификаттау бағытында жұмыс атқарып келді. Нарықта тауарды қиындықсыз сату үшін өнімді сертификаттау жеткілікті деп саналды. Енді ол жеткіліксіз. Тұтынушының психологиясы да өзгерді. Бүгінгі тұтынушы оған қажет сападағы тауар алғысы келеді. Сондықтан ол сапа менеджментінің барлық жүйесіне сертификатты талап етеді деген сөз.