Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Педагогика ғылымы туралы түсінік


Жоспар
1 Педагогика ғылымы туралы түсінік 3
1.1 Педагогика нысаны, пәні және қызметтері 3
1.2 Педагогикалық ғылымдар жүйесі 7
1.3 Педагогика және басқа ғылымдар 10

1 Педагогика ғылымы туралы түсінік
1.1 Педагогика нысаны, пәні және қызметтері
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пәнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде әртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мәдениет, саясат және т.б.) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу және тәрбие аймағында туындайтын мәселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.

1.2 Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу және тәрбие мәні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тәрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы - философия, дәлірек айтсақ, тәрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік практикада әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді.

1.3 Педагогика және басқа ғылымдар
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың әрқилы ықпал-әсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дәуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты.