Қазақстан республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үш деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаның тереңдетілген үш жылдық бағдарламасын жүзеге асыру басталғанын атап өткен болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикамыздың әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігінен орын алатын елдер тобына үміткерлер қатарынан көріну мақсатында, 2006 жылдың 1 наурызында жыл сайынғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік бағдарланған қоғам құруды анықтап берді. «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз» делінген жолдаудағы басты негіздердің бірінде.
Екінші деңгей - міндетті зейнетақы салымдары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына салған жеке салымы есебін ескере отырып төленетін қосымша әлеуметтік қамсыздандыру;
Үшінші деңгей - ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.
Сол себепті, әлеуметтік сақтандыруға ең алдымен өмір сүрудің негізгі көзі болып жалақысы табылатын жұмысшылар қамтылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары келесідей:
Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қордың негізгі қызметтері:
Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді. Сақтандыру сомасы қордың қаржылық ресурстары есебінен жүзеге асады.
Осыған қоса, Қордың қаржылық ресурстары әлеуметтік салықты кайта бөлу және келесідей ставкамен төленетін төлеушілердің қорға аударатын әлеуметтік аударымдар арқылы қалыптасады:
Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, меншіктің барлық түрімен шұғылданатын ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін барлық тұлғалар еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайы туындағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.
Бүгінгі таңдағы қордан төленетін әлеуметтік төлемдер жүйесі келесі сызбада көрсетілген (сызба 1).