Әлеуметтік саясат
Жоспар
Кіріспе 3
1 Әлеуметтік саясат 5
1.1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті 5
1.2 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі 14
1.3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және оның негізгі бағыттары 24
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Кіріспе
Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі күшті әлеуметтік саясат жүргізу.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады.
1 Әлеуметтік саясат
1.1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті
Әлеуметтік саясат – бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын толығымен, сондай-ақ оны құраушы класстарды, деңгейлерді (қабаттардың), әлеуметтік, әлеуметтік–демографиялық, әлеуметтік профессионалды топтарды, әлеуметтік бірлестіктерді (жанұялар, халықтар, қала, аудан, аймақ тұрғындары) өзгерту және сақтау мақсатындағы әлеуметтік топтардың өзара арақатынасы.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік жағдай – бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі.
Әлеуметтік жағдай тіршіліктің қоғамдық жағдайларын және қоғам бөліктерінің құрылымдық дамуын қалыптастыратын жүйенің өте маңызды факторларының әсері ретінде қалыптасады.
1.2 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі
Мемлекет – халықтың мемлекеттік өміріндегі елеулі орын алатын тарихи пішін.
Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі:
Әр түрдегі мемлекет адамды қоғамға біріктіреді, оның өмір жолын қоғам мүлкіне айналдырады (мысалға, еңбек жолын, отбасылық өмірін, қолының бос кезіндегі уақыт және қоғамдық саяси өмірі). Қоғамдағы тәуір өмір сүру шарттары осы қоғам мүлкіне айналдыру жолдары арқылы жүзеге асады. Нормадан жағымсыз ауытқу, әлеуметтік жаман халге түсу болып қабылданады және оны тұрақты ету үшін қоғамдық және мемлекеттік іс - әрекеттер талап етіледі.
Демократиялық мемлекет қоғамдық топтар мен азаматтардың әлеуметтік белсенділігін күшейту және кластық қоғамның жақсаруын қамтамасыз етеді. Демократиялық мемлекет кезінде азаматтардың ешқайсысы қоғамнан жоюға,қанауға жол берілмейді
1.3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және оның негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының есебінен әлеуметтік қорғау 1996 жылғы “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” тиісті Заң арқылы 1999 жылға дейін реттеліп келді, осы заң бойынша елдегі азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің мына түрлері берілетін еді: зейнетақылық қамсыздандыру, уақытша еңбекке жарамсыздыққа, екіқабаттыққа және босануларға байланысты жәрдемақылар, сауықтыру сипатындағы қызметтер, міндетті медициналық сақтандыру, жұмыссыз болғанда әлеуметтік қолдау көрсету, бала туғанда жәрдемақы, жерлеуге бөлінетін жәрдемақы.
Қорытынды
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бүл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық – насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатында негізгі орынды халықтың табысын қалыптастыру саясаты алады. Табыс ұғымы экономикалық қызмет нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Басқаша айтқанда – табыс өндіріске қатысушының оған қатысу деңгейіне байланысты алған, шығарған өнімнің бір бөлігі. Экономикалық әдебиеттерде табыс ұғымы өнімді шығаруда құнның шығыннан жоғары болуын сипаттайды.