Тұрсынбай батыр (қазақша)
Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы Тұрсынбай ел тарихында жоңғар, қытай, қырғыз әскерімен соғысқан батыр, қол бастаған қолбасшы, елші, мәмлегер ретінде белгілі.
Бірақ ол туралы Мәшһүр-Жүсіп, Шоқан жазбалары мен архив құжаттарынан басқа дерек кездестірілмейді. Қаһарманның өзінен тікелей ұрпақ қалмағандығы (Мәшһүр-Жүсіп дерегі), батырлық істеріне қарай халық арасында «Балта керей Тұрсынбай» атанып кеткені мәлім.
Қалмаққа елші болып келген Тұрсынбайды Қарабас ханым: «Мына отырған Балтакерей Тұрсынбай құлағы жоқ шұнақ, құйрығы жоқ шолақ екен. Ерлігінің де міні жоқ, еңбекшілігінде де міні жоқ. Жалғыз ақ айыбы жауы желкесінде екен. Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек», - деп сынайды. Мұнда құлағы жоқ шұнақ деп туысқанының жаман болғанын, құйрығы жоқ шолақ деп баласы жоқтығын, жауы желкесінде деп кедейлігін айтқаны екен.
Бұған қарап отырып, Тұрсынбайдың Абылайды жақтағаны, сүйенер сенімді адамы болғанын ғана емес, екі жақты да бітістірген мәмлегер, ел тыныштығын, Берік хан билігін ойлаған қоғам қайраткері болғанын да танимыз.