Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу.


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 6
1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы 6
1.2 Ақшаның нарықтық жағдайдағы мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 9
1.3 «К – Елдос ЛТД» серіктестігінің негізгі техника – экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама 15
2 Ақша қаражаттар есебі 17
2.1 ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері 17
2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі 26
2.3 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі 29
2.4 Кассадағы ақшаның есебі 36
3 Ақша қаражатының аудиті 43
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы 43
3.2 Кассалық операцияларды тексеру 48
3.3 Банк операцияларының аудиті 55
Қорытынды 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 63

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеудің пәні ақша қаражаттар есебі мен аудитін және оның ХЕҚС бойынша өзгешеліктерін зерттеу және жетілдіру болып табылады. Зерттеу объектілері ретінде «К – Елдос ЛТД» ЖШС мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы. Халықаралық стандарттарға көшуге байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері және халықаралық стандарт бойынша есебі мен аудитын жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық стандарттарға сай ақша қаражаттар есебі мен аудитін жетілдіруге арналған. Зерттеу нәтижелерін сыртқы және ішкі аудитты және ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда, ұйым басшыларын нақты ақпараттармен қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

1 Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы
Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстың Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігіне байлагысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама – қайшы болады. Тауар мен ақша бір – бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен, ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі.

1.2 Ақшаның нарықтық жағдайдағы мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу барысында «төлем құралы» ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
• Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
• Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен – күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.
Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі орнының ерекше екенін айта отырып, «ақша» ұғымының экономикалық мәніне тоқтала кеткеніміз жөн.

1.3 «К – Елдос ЛТД» серіктестігінің негізгі техника – экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама
«К – Елдос ЛТД» ЖШС 2004 жылы 14 шілде айында құрылған. Серіктестіктің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі
Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.
Ұйым 1070 (421) «Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» шотында жабдықтаушылар мен басқа да ұйымдардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі аұшалар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Ұйымдарда нақты ақшалар мен қатар пошта маркалары, демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталынады. Олар 1070 (423) «Банктердегі арнаулы шоттағы ақшалар» шотында есепке алынады. Сонымен қатар бұл шотта ұйымға бюджеттен бөлінген белгілі бір мақсатқа жұмсалуы тиіс қаржылар, ұйымның демалыс – ағарту, демалыс лагерлеріне бөлген қаржылары есептеледі.
Кесте 7 – Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

2.3 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі
Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.
Ұйымның есеп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.
Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.

Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.
Есеп айырысу шотының жабылуы ұйым төрағасының арызы бойынша жүзеге асырылады:
• ұйым қызметінің сипаты өзгерген жағдайда;
• ұйымды құрған органның шешімі бойынша;
• шотта үш ай ішінде жазулар болмаған жағдайда.
Кесте 8 – Есеп айырысу шотындағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

2.4 Кассадағы ақшаның есебі
Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма – қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар, касса арқылы қолма – қол ақшамен операцияларды да (еңбек ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға аванстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруашылық қажеттіліктеріне ақша беру) жүргізіледі.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – де кассадан ақша кассалық шығыс ордері (КО – 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен төраға қол қойған тиісінше рәсімделген төлем ведомостері арқылы беріледі.
Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тігілген құжаттарда ұйымның төрағасының рұқсат еткен жазуы болса, онда ордерге басшының қол қоюы міндетті емес. Жеке адамға кассалық шығыс ордері бойынша ақша бергенде кассир алушының жеке басын куәландыратын төлқұжатын талап етеді. Құжаттың атауы, нөмірі, кім және қашан берілгені ордерде көрсетіледі.
Ұйымда ақшаны сенімхат бойынша берген кезде кассалық шығыс ордерінде сенім алушының аты – жөні қосымша көрсетіледі.
«К – Елдос ЛТД »ЖШС – нің кассасынан банкке ақша өткізілген кезде 1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 1010 (451) «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотының кредиті бойынша жазу беріледі.

3 Ақша қаражатының аудиті
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы
Транзиттік экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты - ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды, кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әртүрлі бұрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық – банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік және басқа нормативтік актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функциональды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып білу керек. Операциялық аудитор ұйымның төлеу мен қозғалысв циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

3.2 Кассалық операцияларды тексеру
Кассада сақталатын ақша 1010 (451) «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және 1020 (452) «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» осы бөлімшесінің «Кассадағы қолда бар ақшалар» шоттарында ескерілуге тиісті.Осы шоттардың дебетіне кассаға түсетін ақша, ал кредитіне – кассалық есеппен шығатын ақша жазылады.Бұл шоттар бойынша жазбалар кіріс және шығыс кассалық ордерлер негізінде жасалады.
Ұйымның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:

3.3 Банк операцияларының аудиті
Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді.Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ұйымдар өзенің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап – тілекпен байланысы туындайды. Ұйымдар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма – қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.
Ағымдағы шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:

Қорытынды
Жүргізілген ғылыми және тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде диссертациялық жұмыста халықаралық стандарттарға байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері мен ақша аудиті, талдауы бойынша келесі қорытындылар жасалынды:
1. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
• Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
• Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
2. Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналар басшылыққа алынуы керек: