Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 15 стр.

Полный просмотр работы

Сібір жұртындағы қыпшақтар

Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді.

Қыпшақтар жөніндегі алғашқы мәлімет жазба деректерде б.э.д. ІІІ ғасырда кездеседі [2. 40–41 бб.]. Б.э.д. 201 жылы Хун мемлекетінің негізін қалаушы Мөде Шаньюй солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше), динлин және гэгуньдер болған [3. 160–161 бб.]. Осындағы "кюйше" этнонимін "кыйчак" немесе "кыпшақ" деп қарастыруды алғаш рет Б.Карлгрен ұсынған болатын [4. 54 б.]. А.Н.Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен [5. 154 б.]. Батыс Түрік қағанатының жорығында цзюйше мен гэгу, яғни қыпшақтар мен Енисей қырғыздары аталады [6. 272 б.]. Мөденің Монғолиядан солтүстік-батысқа бағытталған жорығы, Дулу ханның Жетісудан солтүстік-шығысқа қарай жорығына мән берсек, екеуінің қиылысқан жерінде қыпшақтар мен Енисей қырғыздары мекендеген жер – Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далалары екенін байқауға болады.

Қыпшақтар бір ғана территорияда 800 жылға жуық тұрған. Мұны М.П.Грязновтың жүргізген археологиялық қазба материалдары толық дәлелдейді. Ол Жоғары Обьтағы Большая Речка селосында жүргізген жұмыстары бойынша жоғары Обь мәдениетінің генетикалық жағы бір (б.э. ІІ – VІІІ ғғ.) одинцовский, переходный, фоминский деген кезеңдерін көрсетеді [7. 120 б.]. Нақ осы жоғары Обь мәдениетінде алғаш рет б.э. ІІ мың жылдығында шығыс Еуропа далаларында кең тараған ауыздық пен "сұрақ белгісіне" ұқсас ұзын өзекті сырғалар табылған. Әдебиетте бұларды "қыпшақтыкі" деп атаған.

Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер:
1. История Сибири. Л., 1968.
2. Таскин В.С. Материалы по истории сюнну. Вып. 1. М., 1968.
3. Кызласов Л.Р. Таштыкская эпоха в истории Хакасско – Минусинской котловины. М., 1960.
4. Савинов Д.Г. Об основных этапах развития этнокультурной общности кыпчаков на юге Западной Сибири // история, археология и этнография Сибири. Томск, 1979.
5. Бернштам А.Н. Заметки по этногенезу народов Северной Азии // СЭ. 1947. №2.
6. Грум – Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край Т. 2. Л., 1926.
7. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби // МИА. №48. 1956. С. 99 – 144.
8. Гаврилова А.А. Могильник Кудырге как источник по истории алтайских племен. – М. – Л., 1959.
9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизи. М. – Л., 1959.
10. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967.
11. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…
12. Кляшторный С.Т., Султанов Т.И. Рецензия на книгу. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…// Советская тюркология. 1975. №4.
13. Mіnorsky V. Hudіd al – Alam. London, 1937. § 21.
14. Рашид – ад – дин. Сб. л. Т. 1. Вып. 1. М. – Л., 1952.
15. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. Алма-Ата, 1972.
16. Арсланова Ф.Х. Памятники Павлодарского Прииртышья (ІІІ – ХІ вв.) // Новое в археологии Казакстана. Алма – Ата, 1968.
17. Каменецский И.С. Археологическая культура и ее определение // СА №2. 1970.
18. Матющенко В.И., Старцева Л.М. Еловский курганный могильник І периода железа // Труды ТГУ, Т. 206. Томск, 1970.
19. Гаврилова А.А. Сверкающая чаша с Енисея (к вопросу о памятниках уйгуров в Саяно – Алтае) // Древняя Сибирь. Вып. 4. Новосибирск., 1974.
20. Бартольд В.В. Кимаки. Статья из энциклопедии ислама. М., 1968. Т.5.
21. Миллер Г. История Сибири. Т.1. М.-Л., 1937.
22. Батырлар жыры. Т.2. Алматы, 1961.
23. Народы Сибири. Этнографические очерки. М.-Л., 1956.
24. Сибирские летописи. Спб., 1904.
25. Долгих Б. О. Родовой и племенной состав народов Сибири в ХІІ веке. М., 1960.