Сан есімнің лексика – семантикалық сипаты
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сан есімнің лексика – семантикалық сипаты 5
1.1 Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері 7
1.2 Сан есімнің жеке топтары 11
1.2.1 Есептік сан есімдер 11
1.2.2 Жинақтық сан есімдер 14
1.2.3 Реттік сан есімдер 16
1.2.4 Топтық сан есімдер 17
1.2.5 Болжалдық сан есімдер 18
1.2.6 Бөлшектік сан есімдер 21
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер 24
Кіріспе
Тіліміздегі барлық сөз өзіне тән грамматикалық белгілеріне қарай топтарға бөлінеді. Ол топтар сөз таптары деп аталады. Сөз таптарына тіліміздегі сөздер категориялық мағыналарына, морфологиялық белгілеріне синтаксистік қызметіне қарай бөлінеді.
1 Сан есімнің лексика – семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, негізінде, белгілі ұғымдар мен құбылыстардың санын, ретін, мөлшер-шамасын білдіру үшін, соларды айқындау үшін қолданылады. Осы себептен олар мағына жағынан сын есімдерге біршама ұқсас та болып келеді, бірақ сын есімдер заттың сын сипаты мен сапасын айқындайтын болса, сан есімдер заттың сандық белгісі мен мөлшерін анықтайды.
Сан есімдер, жалпы алғанда, сандық ұғымды білдіретін сөздер болғанмен, олар іштей бір жағынан белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдірсе, екінші жағынан санның абстракты атауы болып қызмет етеді.
1.1 Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
Жалпы алғанда сан есімдердің қызметтері заттың ұзын-ырға сан мөлшерін немесе абстракты сандық ұғымды білдіру болғанымен, құрамындағы сөздердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай кейде заттың орын тәртібін я ретін білдірсе, кейде олардың не теңбе-теңдік мөлшерін, не бөлшектік үлесін, не сан мөлшерін тұспалдап я шамалап көрсететін ерекшеліктері бар. Осымен байланысты сан есімдердің морфологиялық жағынан түрлену жүйесі де біркелкі емес, әркелкі болып келеді. Мысалы, сөз түрлендіруші қосымшаларды қабылдау жүйесі жөнінен есептік, жинақтық сан есімдер абстракты сан атаулары дәрежесінде қолданатын сөздер болғандықтан септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдай алса, өзге сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана өзгеріске түседі.
1.2 Сан есімнің жеке топтары
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, жалпы алғанда, әйтеуір бір сандық ұғымдарды білдіретін сөздер болғанымен, түптей келгенде олардың ішінде біраз сөздер заттар мен құбылыстардың есептік сан мөлшерін білдірсе, біразы реттік тәртібін немесе теңбе-тең сандық мөлшерін, ал, тағы бір топтары заттың жинақтық я тұспалдық санын немесе оның бөлшектік үлесін т. б. білдіру үшін қолданылады.
1.2.2 Жинақтық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі жинақтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін және жинақтық абстракты сан ұғымдарын білдіру үшін қолданылады. Мыс.: Борлық Совет халқының барар жолы, қояр мақсаты біреу.
1.2.4 Топтық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі топтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың өз ара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады.
1.2.5 Болжалдық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі болжалды сан есімдер заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін дәл, нақтылы түрде білдірмей, тұспалдап шамамен ғана көрсетеді. Мыс.: