Кернеулі және деформациялы күйлер теориясы. Беріктік жорамалдары
Жоспар
1 Кернеулі және деформациялы күйлер теориясы. Беріктік жорамалдары 3
1.1 Теорияның негізгі түсініктері 3
1.2 Кернеулі күйлерді зерттеу 8
1.3 Жаттығу есептері 12
1 Кернеулі және деформациялы күйлер теориясы. Беріктік жорамалдары
1.1 Теорияның негізгі түсініктері
Нүктеден өтетін сан алуан жазықтықтағы тік және жанама кернеулердің жиынтығы нүктенің кернеулі күйін сипаттайды.
Әр уақытта нүктенің айналысынан жазықтық аудандарындағы жанама керенеулері нөлге тең куб тәрізді элемент бөліп алуға болады. Жанама кернеулері нөлге тең аудандары бас аудандар деп, ал онда әсер етуші тік кернеулерді бас кернеулер деп атайды.