Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 58 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Жоспар

Кіріспе 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау маңызы мен мазмұны 5
1.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық құрылысы 5
1.2 «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» ашық акционерлік қоғамын қоғың есептік саясаты 9
2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау 13
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 13
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 18
2.3 Баланс өтімділігін талдау 31
2.4 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 37
3 Кәсіпорынның қаржылық аудиті және оны жетілдіру жолдары 48
3.1 Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу методикасы 48
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 50
Қорытынды 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі 58

Кіріспе

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесімен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Қоғамда қаржылық талдау өмірлік ас қажеттілік салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта болмасын бұл маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік - әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезінде оның мәнділігі одан әрі арта түсуде. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділік пен алмастыру – нарықтың экономикасының өзіне тән ерекшеліктері.

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау маңызы мен мазмұны

1.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық құрылысы

«Жолаушыларды тасымалдау» Ашық акционерлік қоғамының Алматы региондық жолаушылар филиалы. Қоғамның орналасу орнынан тыс жерде орналасқан және оның қызметін жүзеге асырушы «Жолаушыларды тасымалдау Ашық акционерлік қоғамының негізделген құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес құрылған және директорлар кеңесінің шешімі негізінде тіркелген (2002жыл 17 шілдеде директорлар отырысының жиналысында).
Жолаушыларды тасымалдау Ашық акционерлік қоғамындағы Астана қаласы юстииясы басқармаында 2002 жылы 21 мамырда тіркелген.
Филиалдың жеке балансы бар. Оның мүлігі және құралы қоғамның жалпы балансында ескеріледі. Өз іс-әрекетін жүргізу және ұйымдастыру үшін филиал заңды тәртіпте құрылған бланкілерінде ағымдағы шоттарын ашады. Филиалдың қоғамдық ортамен және тасымалдаушылармен, тауар белгісімен, өз атымен алынған мөрі, штампісі және бланкісі болады.

2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі артуы кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

2.3 Баланс өтімділігін талдау

Баланс өтімділігін талдау мәселесін құрастырар алдында, жалпы активтерін, баланстың және кәсіпорынның, өтімділігін анықтап алу қажет.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік:кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады.

2.4 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік - талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова (18) төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған», - деп жазады. «Фирманың қызметін қаржылық талдау» кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
«Төлем қабілеттілігін, – деп жазады олар, – компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».

3 Кәсіпорынның қаржылық аудиті және оны жетілдіру жолдары

3.1 Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу методикасы

Кәсіпорының қаржылық жағдайдың талдауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық талдаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық талдауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес, кәсіпорындар санының көбеюімен және тиісінше қаржы , талдау , есеп саласында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып табылапды.