Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 42 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін бағалауды жетілдіру жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негіздері 6
1.1 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың мазмұны мен қажеттілігі 6
1.2 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағаламаудың әдістемесі 8
2 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағаламауды жетілдіру жолдары 17
2.1 Клиенттердің несиелік қабілетін бағаламаудың шетелдік тәжірибесі 17
2.2 Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың жетілдіру құралы ретінде 24
2.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қабілетін бағаламаудағы ролі 29
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42

КІРІСПЕ

«Қазақстан бүгінгі таңда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарына қарай қадам басқалы тұр. Себебі, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үр істерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделген ел болуын қалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, катысуға тиіс те». Міне, осы аталған ғаламат процестерге Қазақстан экономикасы саласының жетекші буыны болғандықтан, коммерциялық банктер ықпал етуге міндетті.
Бүгінгі таңда Коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің экономикасы мен қаржылық жағдайын нығыртуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процесін болдырмауға және ұлттық валютаны (теңге) нығаюытуға міндетті. Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа сапасы жоғары түрлерін шығаруды ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді. Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру , ол несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие міндеттемесін сатып алу түрінде беріледі.

Берілген тақырыпты зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілетін талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезгендермен шешу қажет:
1) қарыз алушының несие қабілетін бағалаудың қажетті және маңызды сұрақтарды қарастыру;
2) қарыз алушының қаржылық жағдайын талдаудың әдістерін зерттеу;
3) Қазақстан Республикасында және шетелдерде пайдаланылатын қарыз алушының несие қабілетін бағалау әдістерін қарастыру;
4) қарыз алушының несие қабілетін бағалау бойынша жобаларды қарастыру;
5) шетелдердегі несие бюроларын құру әдістерін зерттеу және оның Қазақстан Республикасында бейімделу мүмкіндігі.
Қарыз алушының несие қаблетін талдау бойынша зерттеу объектісі болып «Қазақстан Халық Банкі»АҚ-ның қызметі болып табылады. Зерттеу тақырыбы несиелендіру процесінде туындалатын қарыз алушы мен банк арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі болып Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік нұсқаулары, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелік саясаты мен ережелері, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің мәліметтері.Теориялық негізі болып несиелендіруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны, қолданылған әдебиеттердің тізімі және қосымшаларды қамтиды.

1 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негіздері

1.1 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың мазмұны мен қажеттілігі

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне негізделеді. Айта кету керек,қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансаның өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуына себепкер болатын көптеген факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып келеді. Сандықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қаржылық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің оның төлем қабілеттілігінен бір айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын болашақтағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Егер де қарыз алушының негізгі қарызы мерзімі өткен қарыз болып, ал балансындағы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытындыға негіз болып табылады. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыға, бюджетке ұзақ уақыт төлем жүргізбеуді жібермейді.

1.2 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағаламаудың әдістемесі

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Заңды тұлға - кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынандай жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1 форма); »Қаржы нәтижелері мен оларды пайдалану туралы есебі» (№2форма); «Кәсіпорын балансына қосымша бет» (№3форма);сондай-ақ ҚР-сы статистикалық есеп формасы – «Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф-мерзімді-тоқсандық-жылдық формалары) мен «Кәсіпорынның(ұйымның,мекеменің) өнімнің (жұмыстар, қызметтер) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-Ф-мерзімді-тоқсандық- жылдық формалары).
Банк клиенттерінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабіліттіліктібағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды.Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

Э.Альтманның көп факторлы үлгіні кеңнен қолданылады. 1968 жылы ол болжам жасаудың бес моделін ұсынған. Осы үлгілерді жасаған кезде өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарау тексерген. Оның жартысы банкротқа ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұтымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген. Банкрот болған Америка фирмаларының қаржылық жағдайын гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткішімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималдылығына байланысты дәрежесін және салмақтылық коэффициентін анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э.Альтманның Жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетіледі:

2 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағаламауды жетілдіру жолдары

2.1 Клиенттердің несиелік қабілетін бағаламаудың шетелдік тәжірибесі

Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банкке келісімшарттар негізінде қызмет көрсетеді. Мысалы, «Дан энд Брэд форд» фирмасы 3 млн. Жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинап, жалпы ұлттық немесе аймақтық анықтамаларда жариялайды.
Несие бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуі біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыс банкирлеріне мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебі 67%- ішкі факторлар, ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесіне тиесілі.

2.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қабілетін бағаламаудағы ролі

Дамушы және экономикасы өтпелі мемлекеттер үшін ақпараттық асимметрия мәселелері одан әрі ұшқыр болып отыр. Қылмыстық экономиканың жоғарғы деңгейі, құқықтық институттардың тиімсіздігі, бизнесті жүргізу этикасының жетіспеушілігі ақпараттық институттарды құру қажеттігін жоғарлатады. Мұндай институттарсыз банк жүйесін табысты қайта құрылымдау мүмкін емес, оның мұндай сапалы сипаттамаларға жетуі, банктік дағдарыс жүйесінің пайда болу мүмкіндігін жоюға әкеп соғады. Бірақ та корпоративтік және банктік бизнес бұл елдерде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрса да, ұзақ несиелік тарихы бар депайтуға болмайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуына орай, аса көлің бөлетін мәселелердің қатарына банктік қызмет саласында қарқынды жүргізіліп келетін банк клиенттерін несиелендіру жатады. Ал банктің несиелік қызметі аясының жоғарғы деңгейде дамып, халықаралық деңгейге сәйкес болуы осы салада жүргізілетін клиенттердің несиелік қабілетін анықтаудың тиімді түрде жузеге асырылуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе біздің елімізде 2003 жылдан бері жылма-жыл көтеріліп келеді.
Несиелендіру процесі несие және оған есептелген проценттерді әкелетін көптеген тәуекел факторларының іс-әрекетіне байланысты. Сондықтан банктік несиелендірудің даму жағдайында банктердің қарыз алушы клиенттерге қарыз ұсынуы осы факторларды зерттеу, көрсеткіштер жүйесін құру және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістерін жетілдірумен шатастырылған.