Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығының негіздері
Жоспар
1 Әкімшілік құқық пәні, әдісі, жүйесі 3
2 Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет 8
3 Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады 16
Әдебиеттер 20
1 Әкімшілік құқық пәні, әдісі, жүйесі
Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру.
2 Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқару билігін жүзеге асырады. Конституцияға сәйкес ол атқарушы органдар жүйесін басқарып, қызметтеріне жетекшілік етеді.
3 Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады
Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалуы мән-жайларына, құқық бұзушылық жеке басына сай келуі шарт.
Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалары қолданылған жағдайда әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі - 30 тәулікпен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу 45 тәуліктен аспауы қажет.