Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны 4
1.3. Негізгі ұйымдық - құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері 11
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС СФЕРА ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ 19
2.1 Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру 19
2.2 Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері 24
2.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары 26
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 33
Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік жэне муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кэсіпорындарының басым бөліғі жэнс материалдық емес сфера ұйымдары мсн мскемслерінің едэуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық үйымдары, қаржы секторының баска мекмелері (жинақ ақша-деиозит мекемелері, инвестидиялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің қүрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін қүрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдщің каржы ресурстарының негізгі бөлігі калыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі - коғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
1.3 Негізгі ұйымдық – құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жургізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқыктық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылык қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы кағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтрде — кооператив мүшелерінің үлестік жарналарыньщ қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды қүрудың аралас нысандары кездеседі.
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС СФЕРА ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ
2.1 Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды түлға коммерциялык емес үйші деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142-11 ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардьщ және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардьщ рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда кұрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдык бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанына және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда кұрылуы мүмкін. Бүл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қогамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табыдады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының, қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
2.2 Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттіц қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бүған мемлекеттік басқару, құкықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөліғі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ак мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.
2.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыға немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функционалдық қызметін камтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (катыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын эдіске қарай анықталады.
Шаруашылъщ есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-зрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде рәсімдейді . Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатьш шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатьшға ұқсас болып келеді, бірақ қүрылымында материалдык шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбек ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеумепік салықты қоса) жұмса-латын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады. Бюджеттен ішінара каржыландырылған жағдайда оның көлмі қаржы жоспарының үшінші бөлігінде — "Бюджеттен қаржы бөлу" бөлігінде қаражаттарды баптар бойынша бөле отырып, белгіленеді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім өндіріп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда әріптес - кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен — мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша кәсіпорындар шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Кез келген нысан шағын, орта жөне үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын кәсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүмкін.