Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 86 стр.

Полный просмотр работы

Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстанның таулы аймақтарының орналасу ерекшелігі 7
1.1 Қазақстанның биік таулы өлкелерінің ерекшелігі 7
1.2 Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан тау жүйесінің орналасу ерекшелігі 11
1.3 Оңтүстік Қазақстан обылысының Қаратау жотасының орналасу ерекшелігі 13
2 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекреациялық маңызы 17
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының рекреациялық ерекшелігі 17
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауының физикалық-географиялық орны 25
2.3 Таулы аймақтардың климаты және ішкі сулары 33
2.4 Таулы аймақтардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесі 35
2.5 Оңтүстік Қазақстан таулы аймақтарының рекреациялық маңызы 43
2.6 Оңтүстік Қазақстанда туризмді дамыту жолдары 53
2.7 Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік туристік аймақтар 58
2.8 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің қазіргі кездегі жай-күйіне талдау жасау 65
Қорытынды 80
Қолданылған әдебиеттер тізімі 85
Қосымша 86

Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу әсем көркін еске салатын алуан түрлі ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік қуаң көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр. Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақдала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан.

Мәселеннің өңделуі: Қазақстан Республикасының ақпарат көздері мен Қазақстанда жарық көрген мәліметтерге, жергілікті жердің ақпарат көздеріне сүйенеді.
Диплом жұмысының мақсаты:
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекреациялық маңызы ашу. Таулы аймақтарда орналасқан табиғаты керемет аймақтарға талдау жасау.
Зерттеудің жаңалығы:
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының рекреациялық ерекшелігі;
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында туризмнің дамуы;
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында орналасқан демалыс аймақтарының жағдайы;
- Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан тау жүйесінің орналасу
ерекшелігі;
Зерттеу пәні: Оңтүстік Қазақстан облысы физикалық географиясындағы тақырыбында оқушылардың білімі мен тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесі.
Тәрбиелік құндылығы: Ғылыми-зерттеу материалдары мектепте Қазақстанның физикалық географиясындағы таулардың реакреациялық маңызын ашу тақырыбында оқушылардың білімін қалыптастыра отырып тәрбиелудің жолдарын ұсынады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Қазақстанның таулы аймақтарының орналасу ерекшелігі
1.1 Қазақстанның биік таулы өлкелерінің ерекшелігі
Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань жатады. Биік таулы аймақтың аласа таулардан айырмасы — жер бедерінің биік және күшті тілімденгендігі.
Алтай. Қазақстан жеріне Алтай таулы өлкесінің оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.

Жоңғар таулы өлкесі Казақстан жерінде Жоңғар Алатауының солтүстік, солтүстік-батыс бөлігі және оның көптеген сілемдерінен құралады. Бұл тау жүйесі солтүстігіндегі Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігіндегі Іле езені аңғарының аралығында шығыстан батысқа карай 450 км-ге созылып жатыр [2].
Қытай мен Қазақстан шекарасында, Жоңғар Алатауының солтүстігінде, Жоңғар қақпасы деп аталатын тауаралық ойыс бар. Ол Ебінұр (Қытайдағы) көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосады.

1.2 Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан тау жүйесінің орналасу ерекшелігі
Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Талас Алатауынан басталып, одан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан жоталармен ұласады. Аса ірісі Өгем мен Қоржынтау және Талас Алатауы ішінара Қазақстан жеріне кіреді, әрі батыс шетінің жер бедері биік таулы келеді.
Қазақстанға түгелдей кіретін Қаратау-Тянь-Шаньнің күшті бұзылған ең шеткі солтүстік-батыс жотасы. Оның оңтүстік-батыс беткейлері біраз көлбеу келеді. Жотаның солтүстік-шығыс беткейі тік және жартасты, құзды. Қаратау–пайдалы қазбалардың қазынасы. Тау қойнауының құрамына қорғасын, мырыш және басқада түсті металл кен орындары кездеседі. Таудың оңтүстік-шығыс бөігінен фосфорит кені табылды [4].

1.3 Оңтүстік Қазақстан обылысының Қаратау жотасының орналасу ерекшелігі
Қаратау жотасының оңтүстік – шығысын қамтитын Қаратау – Жаңатас таукендері жердің бұзылуына және шаңды ауа массалары тарауына әсер етеді. Жер асты суларының құрамының бұзылуына әкеп соғады. Осылайша экологиялық жағдайды шиеленістірді. Осыдан келіп қорғалатын аймақтар пайда болды. Ақсу – Жабағылы қорығына қарайтын бөлімдері Ақбастау және Қарабастау палентологиялық көмумен айналысады. Қаратаудың оңтүстігіндегі Боралдай өзеннің аңғарында, сазды тақтасты жерлерде түрлі балықтардың, молюскалардың, тасбақалардың, носекомдардың, көптеген өсімдіктердің, бұдан 150 млн жыл бұрын юра дәуірінде кездескендерін көруге болады.

2 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекреациялық маңызы
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының рекреациялық ерекшелігі
Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлке мен оның ғажайып табиғатынан алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу әсем көркін еске салатын алуан түрлі ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік қуан көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр. Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан.

2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауының физикалық-географиялық орны
Қаратау тауы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, қатты тілімденген таулы жотасы. Қаратау таулы жотасы солтүстік-шығысында – Мойынқұммен, солтүстігінде – Қызылорда қаласымен, оңтүстік-батысында – Қызылқұммен шектесіп жатыр. Негізінен Тянь-Шань таулы өлкесі тау жоталарының орналасуы бағытына қарай төрт таулы жоталарға бөлінеді. Олар:

2.3 Таулы аймақтардың климаты және ішкі сулары
Қаратау таулы жотасы Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Дүние жүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрылуының географиялық ендіктің де әсері мол.

2.4 Таулы аймақтардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Қаратау таулы жотасында тұрақты су көздері жоқ. Қаратау таулы жотасында шөлге төзімді бұталар мен дала өсімдіктері өседі.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының бір артықшылығы – тау беткейлерінде орманды дала, субальпілі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы. Шөлді аймақ «әнші тау» төңірегін қамтиды.

2.5 Оңтүстік Қазақстан таулы аймақтарының рекреациялық маңызы
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды.

2.6 Оңтүстік Қазақстанда туризмді дамыту жолдары
Республикамыздың Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған : «Қазақстан - 2030» жолдауында қызмет көрсету, оның ішінде туризмге тікелей қатысы бар салаларды дамытудағы ұзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге асырудағы нақты міндеттер көрсетілген.
Мұнда туризмді дамытуға қатысты төмендегідей ерекше стратегиялық мәселелерге тоқталуға болады. Олар :

2.7 Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік туристік аймақтар
Қазақстанның минералды сулары мен ем – балшықтары емдік қасиеті аты аңызға айналган белгілі шипажайладың суларымен балшықтарынан кем түспейді десек кателеспейміз.
Қазақстанның бальнеологиялық, балшықтық және климаттық емдеу бойынша жетістіктері тек республика аумағында ғана емес, шет елдерге дейін белгілі болып отыр.

2.8 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің қазіргі кездегі жай-күйіне талдау жасау
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы” 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде туризм саласын тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін қамтиды. Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуына “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 212-2 Заңы және Елбасының 2005 жылғы 18 ақпандағы “Қазақстан экономикалық, әлеуметік және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауы жаңа серпін берді.

Қорытынды
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу әсем көркін еске салатын алуан түрлі ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік куан көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр. Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына иек артқан.

Баяндама
Диплом жұмысының тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлке мен оның ғажайып табиғатынан алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу әсем көркін еске салатын алуан түрлі ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік куан көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр. Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан. Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан 5b4 солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына тіреледі. Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан су басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі. Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы - протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жа-нартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Тақырыптың көкейтестілігі:
Ордабасы, Қазығүрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар және Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол. Қазақы тазы жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты құс салу сияқты ұлттық аңшылыққа негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі. Бұдан өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және жаяулап саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол ашылған. Төле би ауданының жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді өрістетуге қолайлы: осы бағытта «Тау самалы» демалыс лагері маңында аспалы жол мен шаңғы базасы салынды. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жүмысын жандандыруға, инфрақүрылымды дамытуға серпін береді. «Біркөлік» санаторийі қалыпқа келтіріліп, іске косылуда. Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері маңайындағы санаторийлік демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам ауданындағы «Манкент» шипажайы келушілер саны арттыра түсуде.
Ақсу-Жабағылы қорығы - әлемнің айрықша қорғауында болатын қорықтар қатарына жататын Батыс Тянь-Шаньның көрікті жері. Қорық 1926 жылы кұрылған. Оның иелігіңде бай өсімдік пен жануарлар дүниесі камтылған. Мұнда жануарлар мен кұстардың 55-тен аса түрі және 200-ден аса өсімдік түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл Кітапқа енгізілген. Тянь-Шань көзтартар жоталары мен сайлары, Ақсу өзенінің арнасы ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық. Түлкібас ауданындағы бақылауға алынған табиғи ескерткіштер -Ақбиік ауылындағы ғажап үңгір, Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және басқа да көптеген көрікті табиғат қойнаулары. Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын 2003 жылы өңірімізге келген ЮНЕСКО Комиссиясы қанағаттанған сезіммен атап өтті. Комиссия осынау көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын табиғат бұрышын алдағы уақытта сақтау үшін шекаралас үш мемлекетті күш біріктіруге шақырды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барабар Жабағылы қорығы да ұлт мақтан ышы болып табылады.
Мәселеннің өңделуі: Қазақстан Республикасының ақпарат көздері мен Қазақстанда жарық көрген мәліметтерге, жергілікті жердің ақпарат көздеріне сүйенеді.
Диплом жұмысының мақсаты:
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы ашу. Таулы аймақтарда орналасқан табиғаты керемет аймақтарға талдау жасау.
Зерттеудің жаңалығы:
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының рекреациялық ерекшелігі;
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында туризмнің дамуы;
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында орналасқан демалыс аймақтарының жағдайы;
- Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан тау жүйесінің орналасу
ерекшелігі;
Зерттеу пәні: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақтанның физикалық географиясындағы тақырыбында оқушылардың білімі мен тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесі.
Тәрбиелік құндылығы: Ғылыми-зерттеу материалдары мектепте Қазақстанның физикалық географиясындағы таулардың реакрациялық маңызын ашу тақырыбында оқушылардың білімін қалыптастыра отырып тәрбиелудің жолдарын ұсынады.
Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан Қазығұрт тауының даңқы ертеден-ақ шыққан.
Қазығұрт тауының табиғи-мәдени байлықтарын қорғап таныту мақсатында көп жұмыс керек-ақ. Жапониядағы атақты Фудзияма тауы іспетті Қазығұрттың үлкен суретін көптеп шығарудан бастап, оның қайталанбас табиғатын, тарихи жәдігерлерін қорғайтын арнайы мекеме қажет. Тарихи Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, жалпы ғаламдық аңызы мен әсем табиғаты бар мұндай тау жер бетінде кемде кем. Осы ерекшеліктерін ескеріп, Қазақстан атынан әлемдік табиғи-тарихи ескерткіштер қатарына ұсынып көру де қажет.
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысы бойынша:
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкiбас ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау мемлекеттiк мекемелерi Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң коммуналдық меншiгiндегi мүлiктiк кешендер ретiнде республикалық меншiкке қабылдансын.
2. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкiбас ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сайрам-Өгем" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - мекеме) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт және Төле би аудандарының аумағындағы босалқы жер санатынан жалпы алаңы 11100 гектар жер учаскесi алынып қойылсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен мекемеге берiлсiн.
5. Осы қаулыға қосымшада көрсетiлген мекеменiң жер учаскелерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң санатына жатқызылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары" мемлекеттiк орман қорының санатына жатқызылсын.
6. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi осы аймақ шегiнде экологиялық жүйелердiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, мекеме жерiнiң айналасында күзет аймағын белгiлесiн.
7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң шекарасын белгiлесiн.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi белгiленген тәртiппен:
1) мекеме туралы Ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
9. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте тиiстi жылға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.