Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Жоғарғы Сот Кеңесі және соттардың қызмтін ұйымдық қамтамасыз ететін органдар

Судьялар корпусының қалыптасуына маңызды роль атқаратын тәуелсіз органдар Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы болып табылатын. 2008 жылғы қарашаның 17-сінен бастап бұл органдардың қызметі біріктіріліп ҚР жоғарғы Сот Кеңесі қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бүдан әрі - Кеңес) - соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентініііі конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында занды түлға қүрмастан қүрылатын мекеме.
Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Терағадан, хатшыдан және басқа мүшелерден тұрады.
Кеңестің өкілеттіктері:

Қазіргі кезде барлық облыстық соттарда Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасы және Судья этикасы жөніндегі комиссиясы тұрақты жұмыс істейді. Бұл екі орган сот төрелігін жүзеге асыруда кемшіліктер жіберген және өздерінің абырой-беделіне кір келтірген судьялар қызметіне берілген арыздарды қарайды.
Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасы -тәртіптік істер мен біліктілік іс жүргізу материалдарын, судьяның орнынан түсу құқығын бекіту және оны тоқтату мәселелерін қарау жөніндегі орган болып табылады. Оның құрамына кемінде бес жыл судьялық стажы бар, тәртіптік жазасы жоқ, судьялар қауымы арасында беделді судьялар кіреді.

Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау туралы материалдарды Сот жюриінде карау үшін, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша көрсеткіштері төмен немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазалары бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы облстық немесе Жоғарғы соттың жалпы отырысының шешімі негіз болып табылады.
Судьяның кәсіби жарамсыздығына байләнысты атқаратын қызметіне сәйкес келмейтіндігі туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін Жоғарғы сот төрағасына жіберіледі.