Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі


Жоспар
Кіріспе 3
1 Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі 7
1.1 Денсаулық пен ауру туралы түсінік 7
1.2 Дене қимылының кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын аурулар 9
1.3 Семіздіктің этиология мен патогенезі және жіктелуі клиникалық көріністері 16
1.3.1 Этиология мен патогенезі 16
1.3.2 Жіктелуі 17
1.3.3 Клиникалық көріністер 17
1.4 Гипокинезияның тыныс алу жүйесіне әсері 24
1.5 Гипокинезияның жүрек - қан тамырына әсері 28
1.6 Гипокинезияның бұлшықет жүйесіне әсері 47
1.7 Қант диабеті өте қауіпті дерт 47
1.8 Гипокинезияға қарсы амалдар 48
1.9 Тиімді тамақтану тәсілі 54

Кіріспе
Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.
Адамның денсаулығын сақтаудағы ең бірінші мәселе-таза су мен кенеулі асты пайдалануды,тазарту жүйелерінің болуын,қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды,басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды қолға алу,және жүзеге асыру.

1 Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі
1.1 Денсаулық пен ауру туралы түсінік
Денсаулық дегеніміз ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі,дамуы және қалыптасуын айтамыз.Қазіргі кезде денсаулықты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.

1.2 Дене қимылының кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын аурулар
Гипокинезия адам денсаулығына,әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне зиянды әсер етеді.Қазіргі заманда өндірістің ауыл шаруашылығының техникаландыруына, өзін-өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты,адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде.Дәл қазіргі таңдағы цивилизациялы қоғам дене еңбегін азайтуда орасан зор табыстарға ие болуда.Мұның өзі транспорттың дамуына,өндіріс процестерінің автоматтандырылуына байланысты.Біздің елімізде сан мыңдаған миллиондаған адамдар жыл сайын лифтілері, кір-қоқыстарын сыртқа өзі тартып шығаратын құбырларды пайдалануда.Барлық тұрмыстық-коммуналдық жағдайлары жеткілікті өмір сүруде.

1.3.1 Этиология мен патогенезі
Адам қолданатын тағамның калория мөлшері организмнің энергетикалық жұмсауларынан артылған шақта,семіздік дамиды.Оның жиі кездесетін себептердің бірі - дұрыс тамақтанбау (шамадан тыс тамақ қабылдау,негізгі тағам көлемін кешкі сағаттарда қабылдау) және физикалық жүктеменің азаюы.

1.5 Гипокинезияның жүрек - қан тамырына әсері
Жалпы жүрек – қан тамыр ауруларының арта түсуіне өмірде мейлінше кеңінен тараған зиянды әдеттің бірі-қозғалыстың аздығы.Сонымен қозғалыстың аздығынан жүректің ишимиялық ауруларына душар ететін себептердің экзогендік,эндогендік,функциялық тұрғыдан алып қарағандағы қалыптасқан факторларының жиынтығы.Ең маңызды деп есептелінетін факторлары мыналар.
1.Әлеуметтік-тұрмыстық факторлар.Бұлардың қатарына өмір сүрудің кейбір сылбыр әрекетін,күнделікті тіршіліктің түрлі жағдайларын,холестеринге темекі тарту,алкоголизмге салыну сияқты зиянды әдеттерді қосуға болады.

1.6 Гипокинезияның бұлшықет жүйесіне әсері
Бұлшық ет жүйесі ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса,онда олар әлсіздене бастайды, балбырайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары,олардың көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ, бұлшық еттердің өсуі,олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес,жуандауы әсерінен өзгереді.Бұлшық еттердің созылуы арта түседі.Тонус күшейеді.Қан айналымы және бұлшық еттердің микро және макро элементтерімен қоректенуі күшейе түседі. Денсаулық күшейіп,өмір сүру артады.

1.7 Қант диабеті өте қауіпті дерт
Қант және басқада тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі.Қант диабеті өте қауіпті дерт.Қант диабетімен ауыратын адамдардың қалтасында міндетті түрде инсулин дәрісімен шприц үнемі жүреді.Егер инсулин мен шприц жоқ болса,ол адам сөзсіз тіршілік өмірімен қоштаса береді.Сондықтанда ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады.

1.8 Гипокинезияға қарсы амалдар
Семіздікке қарсы жаттығулар. Семіздік - организмде зат алмасуды бұзып,артық салмақ жинаған кезде пайда болатын жайттардың бірі.Оған қарсы қолданатын емдік жаттығулардың негізгі мақсаттары,денеде тотығу - қышқылдану үрдістерін үдету, жүрек - өкпе жұмыстарын жақсарту,ішек-қарынның ас қорыту қызметін арттыру,қуаттың көп мөлшерде бөлініп шығуына ықпал жасау.Жалпы қимыл-қозғалысты көбейтіп,дене салмағын кеміту.

1.9 Тиімді тамақтану тәсілі
Тамақтану - өмірді,өсіп-өнуді,денсаулық пен адамның қызметіне деген ұтымды тәсіл.Ағза тамақ және сыртқы орта бірімен-бірі тығыз байланысқан.Тамақтану арқылы әрбір адам өзінің денсаулығын сақтап өмірін ұзарта алады.Жүйелі түрде тамақтанудың принциптерін толық білу керек.Өзінің қалыпты салмағыңды біліп,оны бір қалыпты тұрғылықты сақтау қажет.
Ұтымды тамақтану - ол жасушалар құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат,қимыл және тағы басқа қажеттілігін өтейтін,заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану.Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей: