Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ 5
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру 5
1.2 Коммерциялы емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері 10
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары 14
2 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗҮШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ 21
2.1 Шаруашылық серіктестіктері 21
2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар 22
2.3 Кооперативтер 26
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

КІРІСПЕ
Кәсіпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
Кәсiпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Өндiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын үй—коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi.
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алымған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республиқасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құкықтарын, заңды мүдделерiн қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ коғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) игiлiктерiм қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.

1.2 Коммерциялы емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
Қызметтік коммерциялық емес түрлерi (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтiрiлген нарықтық. экономиқасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кiтапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлi қайырымдылық қорларды, кәсіптiк бiрлестiктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестiруге мүмкiндiк берідi. Бұл тәрiздi даму қоғамдық игiлiктердi өндiрушiлер пайдаланатын салық жеңiлдiктерiмен ғана түсiндiрiлмейдi. Жеңiлдiк беру кезiнде мемлекет әр түрлi ұйымдарды, сарайларды, мұндағы басты критерий — көрсетiлетiн қызметтердiң қоғамдық пайдалылығының дәрежесi. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететiн белгiлi бiр ұйымдарды қаражаттаңдырады.
Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттiлiктердi қаржыландыру жөнiндегi мемлекеттің iс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөнiндегi олардың үлкен икемділiгiмен және жеделдiгiмен түсiндiрiледi. Қызметтің коммерциялы емес түрлерiнен алатын пайда немесе табысты пайдаланудың қаржы механизмi, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерiнiң арасында бөлiнбейтiнiн анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметiн пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсiнетiн азаматтар және т.б.) бағытталады.

1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекiтiлген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының бiрiне тиiстiлiгiне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргiзуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.

2 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗҮШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
2.1 Шаруашылық серіктестіктері
Қазақстан Республиқасы Президентiнiң «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» заң күшi бар жарлығына сәйкес шаруашылық серiктестiгi — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серiктестіктің мынадай нысандары белгіленген:

2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар
Экономикада едәуір орынды мемлекеттiк сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай тұрлерi жұмыс iстейдi:
1) шаруашылық жүргiзу құкығына негiзделген кесiпорындар; бұл құкық мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құкықтарын заңнамада белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсіпорынның заттық құкығы болып табылады;
2) жедел басқару құкығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсіпорындар. Бұл құкық қазыналық кәсіпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес заңнамалық актiлерде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құкық болып табылады.
Мемлекеттiк меншіктiң түрiне қарай кәсiпорындар:

2.3 Кооперативтер
Экономиканың кооперативтiк секторы бiрыңғай ұлттық шаруашылық кешенi буындарының бiрi болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншiк нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты жүргiзудiң бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлi салаларда оның кеңеюiне кең жол ашты.
Қазiргi кезде кооперация жүйесiнде кооперативтердiк екi негiзгi тұрпаты — өндiрiстiк және тұтыну кооперативтерi жұмыс iстейдi.
«Өндірістік кооператив туралы» заңда өндiрiстiк кооператив азаматтардың бiрлескен кәсіпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк салымдарын (үлестерiн) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi делiнген. Өндірiстiк кооперативтер тауарлар, өнiмдер өндiрiп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргiзушi субьектiлерге және халыққа қызмет көрестедi.

ҚОРЫТЫНДЫ
Өндiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын үй—коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi.
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негiзiнен олардың ұйымдық-құқытық нысандары әсер етедi. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшелiктерiн анықтау үшiн оның құрамына кiретiн мекемелердi, ұйымдарды, олардың қызметінiң сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдiстерiн ескере отырып зерделеген жөн.