Қазақстанда зейнет ақы қорларының дамуын талдау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Рыноктық экономика жағдайында зейнетақымен қамтамасыз ету 5
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары 8
1.3 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел тәжірибесі 15
II-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ 22
2.1 Қазақстанда зейнет ақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы 22
2.2 Зейнетақы қорларының қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау 29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды – жаңа зейнетақы жүйесіне әлі төрт жыл да болған жоқ. Жаңа зейнетақымен қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ – ол үздіксіз даму процесінің үстінде екенін атап айтқан жөн. Ұсынылған еңбекте жинақтаушы зейнет ақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз.
Осындай көлемдегі зейнетақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнетақымен қамтамасыз етудің осындай реформасы әлі іске асқан жоқ. Осымен қатар, зейнетақы реформасы өз уақытында жүзеге асырылды деп күмән келтірмей айтуға болады. Ал қиындықсыз еш нәрсе болмайды.
Ұсынылған дипломдық жұмыс алдымен оқырманды Қазақстан Республикасында зейнет ақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздерімен, ал екінші бөлімде Қазақстан экономикасында зейнет ақы қорларының даму жағдайымен таныстырады.
Жоғарыда көрсетілгеннен осы дипломдық жұмыстың мақсаты шығады. Ол – теориялық асепектіде және Қазақстан мысалында зейнет ақы қорларын зерттеп оқу.
Қойылған мақсаттан келесі жұмыс мәселелері туындайды:
1) Зейнет ақы активтерін басқарудың мәні мен функциясын танып білу
2) Зейнет ақы активтерін басқару механизмін сипаттау
3) Қазақстан Республикасында зейнет ақы салымдарының қалыптасу процессі мен даму мәселелерін қарастыру.
4) Қаржы нарығында зейнет ақы активтерінің рөлін анықтау және олардың тиімділігін бағалау.
5) Қазақстан Республикасында зейнет ақы активтерінің даму бағыттарын айқындау.
Берілген жұмысты жазуда методологиялық база болды:
I-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Рыноктық экономика жағдайында зейнетақымен қамтамасыз ету
Қазақстанда, КСРО-ның барлық елдерінде сияқты, әр қашан ынтымақтастық зейнет ақы қоры болған. Кәсіпорынның еңбек ақы төлеу қорынан 25%-ды жалпыға бірдей зейнет ақы қорына аударылады, ал ол жерде зейнет ақы жинақтарының белгілі бір массасы жиналады да, сол мезетте ағымды зейнет ақыны төлеуге жұмсалатын. Бұл зейнет ақы жүйесінің мәні осында еді: бүгінгі таңдағы жұмыс істейтін адамдар өз аударымдарымен қазіргі таңдағы зейнеткерлерді қамтамасыз ететін.
Халықтың жұмыс істейтін бөлігі, өз алдына, олардың да зейнет ақы алу уақытысы келеді және ол солардан кейін жұмыс істейтіндердің зейнет ақы алу уақытысы келеді және ол солардан кейін жұмыс істейтіндердің зейнет ақы аударымдары есебінен қамтамасыз етілетінін білетін. Жинақтардың ынтымақтастығы осында жатыр.
Бірақ, жұмыс істейтіндердің жалпы көлемі зейнеттегі адамдардың санынан бірнеше есе көп болған жағдайда ғана ынтымақтастық жүйесі тиімді болады. КСРО да осылай болды, сондықтан зеейнет ақы қоры бос ақша-қаражаттарды мемлекеттің милитаризациясына инвестиция ретінде құя алды.
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары
Зейнетақы активтерін басқару жинақтушы зейнетақы қоры мен Зейнетақы активтерін басқару компаниясының инвестициялық іс-әрекеті болып табылады, басқаша сөзбен айтқанда әр-түрлі қаржы инструменттеріне зейнетақы активртерін салу бойынша қызметі.
1.3 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел тәжірибесі
Радикалды экономикалық реформаға кірісе отырып шығыс еуропа елдері әлеуметтік еңбек схемасына көз-қарасты өзгерту қажеттілігін түсініп отырды. өмір деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты әлеуметтік наразылықтың ұлғайу мүмкіндігінен әлеуметтік саясаттың тиімді және салықты болуы қажет еді.
Барлық дерлік әлем елдерінде демографиялық процестер жұмысшылар саны зейнеткерлер санына жақындағанына алып келді, ол бұл экономикалық және әлеуметтік тәуекелді шиеленістіреді.
II-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанда зейнет ақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы
Жинақтау зейнет ақы қоры – бұл мемлекеттік зейнет ақы жинақтаушы қоыр және Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнет ақы қоры.
2002 жылы 1 мамырында 15 мемлекетік емес және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қоры тіркелген.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қоыр (ары қарай Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры) Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен № 1372 1997 54 қыркүйегінен құрылтайшысы Қазақстан Республикасында үкімет болып шыққан, жабық акционерлік қоғам ретінде құрылған. Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қорынын міндетті зейнет ақы салымдар жинауын іске асыратын және Қазақстан Республикасы ‡кіметі орнатқан тәртіпте зейнеткерлерге зейнет ақы төлемін жүзеге асыратын, сонымен қатар зейнет ақы активтерін құру қызметін жүргізіп, оларды мемлекеттік құнды қағаздарға, мемлекеттік банк депозиттеріне, халықаралық қарды ұйымдарының құнды қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға болып табылады.
2.2 Зейнетақы қорларының қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау
Зейнетақы активтерін басқару компаниясы – құнды қағаз нарығының кәсіби қатысушысы. Ол инвестициялық шешімдер қабылдайды: зейнетақы активтерін қандай қаржы инструменттеріне салу немесе дер кезінде нені сату керек. Құнды қағаздарды қолда ұстап, табысты күту әр қашан пайдалы емес. Олардың құны әрқашан ауысып отырады және үлкен табысты әртүрлі мәмілелерді сауатты жүргізген адам ғана ала алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктiң ДРРЦБ барлық басқару компаниялары бойынша табыстылық орта еселенген коэффициентін анықтайды, бұл рейтинг сияқты. Егер компаниялардың біреуі орта көрсеткішпен белгілі бір пайызға төмен табыстылық көрсетсе, онда ол салым салушылардың зейнетақы жинақтарын өз қаражаттарынан толтруы тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы зейнетақы ісінің жағдайының келтірілген талдауы Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын басқару мен қалыптастыру процесін жеделдетуге, заңдылықты жетілдіруге бағытталған ғылыми-тәжірибелік үлгідегі ұсыныстарды енгізуге мүмкіндік береді.
Зейнетақы жүйесін қайта құру – өмір құны артып отырған жағдайдағы зейнеткерлердің өмір деңгейіне қолдау көрсету бойынша іс-шараларды іске асыру сияқты кейінге қалдыруға болмайтын мәселелердің шешімін табуды көздейтін ұзақ мерзімді бағдарлама болып табылады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, елдердің барлығы біртіндеп мемлекеттік үлгіден мемлекеттік-жеке меншік, одан соң толығымен жеке меншікке өтіп жатыр. Қазақстан 1998 жылдан бастап толығымен мемлекеттік үлгіден бас тартып, мемлекеттік емес жүйені қабылдады. Осылайша республика зейнетақы жүйесін қамтамасыз ету адамның өзіне толығымен жүктелетін аз ғана елдер қатарына кірді. Мемлекеттік емес зейнетақы жүйесін құру зейнетақымен қамту саласындағы әлеуметтік саясатта түбегейлі өзгерістердің дер кезіндегі өзгеруі болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Закон Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» от 07 января 2003 года;
2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 1997 года №819 об утверждении Концепции реформирования системы пенсионного обеспечения в Республике Казахстан;
3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 1997 года № 1396 об утверждении Положения о лицензировании деятельности накопительных пенсионных фондов по привлечению пенсионных взносов и осуществлению пенсионных выплат;
4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 1999 года № 47 об утверждении Положения о Комитете по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;