Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы..
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ 5
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері 5
1.2 Жеке меншіктендіру – бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ 9
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан республикасының қазіргі заңдары 9
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 10
2.3 Бағалы қағаз нарығының реттейтін жүйелер 13
3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР 15
3.1 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары 15
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар 17
3.3 Қор биржасы және оның қызметі 18
3.4 Биржалық операциялар 19
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОСЫМША 22
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.
Нарықтық экономика - адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.
Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын береті құжатты сертификат деп атайды.
Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік - нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары, және сол сияқтылар жатады. Жинақ облигациялары негізінен және тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазірге кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.
1.2 Жеке меншіктендіру – бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жеке меншіктендіру арқылы ғана іске асады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жеке меншіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жеке меншіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшік чектерін (купондар) өмірге келтіреді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жеке меншіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан республикасының қазіргі заңдары
Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын табу керектігін меңзейді.
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқаулары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
- сұраныс пен ұсыныс;
- делдалдар мен басқа қатысушылар;
- нарықтық инфрақұрылым яғни екінші деңгейдегі банктер, қор биржасы, инвестициялық институттар және т.с.с;
- нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты. Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағандай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:
2.3 Бағалы қағаз нарығының реттейтін жүйелер
Бағалы қағаз нарығының реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаз нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы Министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет саналады.
Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және торт комиссия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдармен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілігі атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-министр ұсынумен 5 жыл мерзімге Республика Президенті бекітеді.
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
Қазірге кезде бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары.
Екінші топ, инвестициялық институттер, немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар:
3.4 Биржалық операциялар
Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдарын немесе шетелдердің бағалы қағаздары айналымға түседі (әдетте тек акциялар мен облигациялар мен облигациялар). Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады.
Биржа операциялары кассалық және мерзімді болып ірі екі топқа бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазды алады. Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мерзімге жүргізіледі: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және с.с уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасымен өзгеше болады. Операциялардың екі түрі де рұқсат етілген биржаларда өтеді және бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының даму жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мәселелерге: