Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
Мамзұны
Кіріспе 4
1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері 6
1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі 6
1.2. Инвестициялық қызметті басқару 8
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты 11
2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау 14
2.1. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері 14
2.2. Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану 16
2.3. Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау 19
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру 22
3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі мәселелері 22
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары 24
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.
Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген.
1.2. Инвестициялық қызметті басқару
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
- жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;
- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (1.3-сурет).
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:
2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
2.1. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері
Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр түрлі мезетіне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағындарына, инвестициялық жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау барысында қолданылатын әдістердің бірнеше түрі бар. Осы орайда, инвестициялық салымдарды талдаудың батыстық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістеріне басты назар аударайық. Олар келесілер: болып табылады: 1) таза келтірілген табыс (NPV); 2) инвестициялардың тиімділік индексі (PI); 3) табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR); 4) өтелімділік мерзімі (PP); 5) табыстың есептік мөлшері (ARR).
Таза келтірілген табысты (NPV) есептеу формуласы келесідей:
2.2. Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану
Инвестициялық жобаларды талдау әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану аса маңызды да күрделі жұмыс. Инвестицияларды бағалаудың әдісін дұрыс таңдай білу, соның нәтижесінде қажетті инвестициялық жобаларды іріктеп алып, оларды жүзег асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын тарту, оларды тиімді орналастыра білу кәсіпорынның инвестициялық саясатының дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқандығының куәсі болса керек. Сол себепті де инвестициялық сипаттағы шешімдер қабылдау үшін талдау және бағалау көрсеткіштерін толық әрі жан-жақты қарастырған жөн.
1-мысал. Кәсіпорын техникалық құралды сатып алудың тиімділігін қарастыру үстінде. Техникалық құралдың құны – 10 млн. теңге, пайдалану мерзімі – 5 жыл, амортизация бірқалыпты әдіспен есептеледі, яғни жылдық 20%. Жойылу (ликвидациялық) құны құралды қайта жөндеумен байланысты шығындарды жабуға жетерлік. Осы техникалық құралдың көмегімен өндірілген өнімді өткізуден түсетін табыс бес жыл барысына келесі тәртіппен болжамдалуда: 6800, 7400, 8200, 8000 және 6000 мың теңге. Жылдар бойынша ағымды шығындар – бірінші жылы 3400 мың теңге, келесі жылдары олардың көлемі 3% өсіп отырады деп күтілуде. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30%.
2.3. Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау
Бірнеше жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар жағдайларда тек бір ғана жобаны қабылдау керек болатын жағдайлар кәсіпорындардың өмірінде көптеп кездеседі. Мұның себептері алуан түрлі болып келеді, алайда басты себеп – қолда бар қаржы ресурстарының жетіспеушілігі болып табылатыны.
Кәсіпорында қабылданған талдау әдісіне байланысты инвестициялық жобаларды таңдау да әр түрлі болып келетінін жоғарыда айтқан болатынбыз. Инвестициялық жобаларды талдау әдістерінің арасында өзара байланыс барын да білеміз:
2.2 - кестенің мәліметтері жоғарыда айтылған инвестициялық жобаларды талдау туралы шешімдердің алуан түрлі болатындығын дәлелдейді. Мәселен, екінші жоба таза келтірілген табыс және инвестициялардың рентебельділік индексі көрсеткіштері бойынша ең тиімді жобалар болып саналады. Өз кезегінде, бірінші, үшінші және төртінші жобалар сәйкесінше табыстың есептік мөлшері, ішкі табыстылық мөлшері және өтелімділік мерзімі көрсеткіштері бойынша тиімді болып саналады.
Түпкілікті шешім қабылдау үшін ресми және ресми емес көрсеткіштер қатар қолданылады. Ең алдымен айта кететін жағдай, дисконттау коэффициентіне сүйенетін әдістер (NPV, PI және IRR) теориялық тұрғыдан тиімді болып келеді, өйткені бұл әдістер ақша ағындарының уақыттағы құнын ескереді.
Сонымен, жоғарыда қарастырылған әдістердің ішінен инвестициялық жобалар бойынша шешімдер қабылдау үшін таза келтірілген табыс, инвестициялардың рентабельділік индексі және табыстылықтың ішкі мөлшері көрсеткіштерін қолданған қолайлы. Сонда да осы көрсеткіштердің ішінен бір көрсеткішті негізгі деп алу мәселесі қала бермек. Бұған басты себеп NPV – бұл абсолюттік көрсеткіш, ал PI және IRR– қатысты көрсеткіштер.
3 - мысал. кестеде екі альтернативті инвестициялық жобалар берілген. Әрбір жоба төрт жылға есептелген, дисконттау коэффициенті r = 13%. Осы жобаларды бағалау қажет.
2.3- кесте
Инвестициялық жобалардың есептік көрсеткіштері
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі мәселелері
Қазақстанда өзіндік өндірісті дамыту экономикамыздың шикізат секторынан тәуелділік мәселесін шешуде маңызды орын алады. Осы жағдайларға байланысты отандық кәсіпорындарды техникалық жаңаландыру сауалдары көкейтесті болып отыр. Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, Қазақстанда негізгі құралдардың тозу деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін жететін көрінеді. Бұл, әрине, кәсіпорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуіне қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді.
Кәсіпорындар үшін инвестициялық жобаларды қандай қаражат көздері арқылы қаржыландыру және оларды қалай жүзеге асыру мәселесі өте маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда кәсіпорындардың инвестициялық әлуеті меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қалыптасады.
Егер Қазақстандағы кәсіпорындардың өздерінінің өндірістік деңгейін дамыту мақсатында инвестициялық жобаларын қаржыландыру құрылымына көз жүгіртер болсақ, онда тартылған қаражаттардың жыл санап басым үлес алып, өзінің маңыздылығын көрсетіп келе жатқандығын байқауға болады (3.1- кесте).
3.1 – кесте
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары
Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:
- ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;
- өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;
- ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.
Өкінішке орай, жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың деңгейі төмен болып қалып отыр – небәрі 19%. Еліміздегі инвестициялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет. Қазіргі кезде инвестициялардың басым бөлігі (80%-ға дейін) негізінен айналымдық қаражаттарға немесе қысқа мерзімді негізгі құралдарға бағытталуда. Елден сыртқа қарай капитал ағындары орын алуда. Осы орайда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ынталандыру бірінші кезектегі мәселе болып отыр.
Қорытынды
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.