Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Алаштың алдаспаны

Бердіқожа батыр туралы біз не білеміз
Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі төмендегідей толғаныс-тын.
“Батырлардың ішіндегі хас батыр ғана өлімнен қорықпаған, келер күн, ұрпақтың ертеңі деп найзасын көкке шаншып, шарқ ұрған солардың бірі ғана емес-ау, бірегейі Бердіқожа батыр еді ғой. Ол тек шанышқылының ғана емес, алты Алаштың, тұтас қазақтың қайсар, ер мінезді ұлы болатын. Әттең ... Осы күнге дейін бабамыздың жерленген жерін біле алмай жүргеніміз өкінішті-ақ!” – дейтін қария. Со­дан кейін ол кісі бізге мейірлене көз тастап: “Ал, сендер, балаларым, алда-жалда батыр бабаларың туралы естіген-білгендерің болса – ұрпаққа естелік қалдырыңдар, зиратын тапсаңдар, басына барып дұға оқып, кіндік қаны тамған жердің бір уыс топырағын біздің атымыздан салыңдар. Сонда бабаларыңның аруағы бір аунап түсері хақ!”, деп аталық аманатын айтушы еді. Бұл сөзді кейінірек Қаратай Тұрысов, Мекембай Омаров ағаларымыз да еске алып, қостап-қолдап, қуаттап жүретін.

Тарихи тақырыпқа тың түрен салған, қазақ әдебиетінде қабырғалы орны бар Қабдеш Жұмаділовтің “Дарабоз” романында да Бердіқожа батырдың достыққа берік, адамгершілігі мол, қиындықта әрдайым жолдас-жораның жанынан табыла білетін қасиетті адам екені айтылған. Жазушы шанышқылы Бердіқожаның 1729 жылы Итішпес – Алакөл бойында қалмақтармен болған ірі шайқаста кертөбелінен айырылған қаракерей Қабанбайға өзінің ақбоз атын беріп, қаптаған қалмақ қолынан батырды аман алып қалғанын баяндайды. Жазушының пікірінше, Қабанбайдың “Дарабоз” атануына себепші болған да сол Бердіқожаның ақбоз аты екен. Содан кейін Бердіқожа мен Қабанбай екеуі жан аямас дос болады. Көп жыл бойы Қабанбаймен тізе қосып, Орта жүз жағында бірге соғысады.

2007 жылы Бішкек қаласында жарық көрген “Алымбектин санжырасы” (“Қырғыз шежіресінде”) деген кітапта Бердіқожа батырдың Есенқұл бастаған көп қолмен аямай шайқасып, ақыры, қырғыздың қылышынан қаза тапқаны жазылған. Демек, батырдың қырғыздардың қолынан мерт болғаны ақиқат.
Бердіқожа батыр – 1786 жылы қаңтарда, мәйіт бұзылмайтын қыс кезінде қаза тапқан. Ауылға жетіп, қаралы хабарды естірткен соң, Бердіқожаның әйелдері тұтқынға түскен Есенгелді манаптың ұлын пышақтап өлтірген. Батырдың артында інісі Секлоян (Секержан) мен төрт ұлы қалады. Үлкені – Лепес, енді бірі – Шоқ, қалғанының есімдері белгісіз ...

Қарқаралыдағы Құнанбай мешітінің имамы Нұрбек қажы бейітке жүрелей отырып батырдың аруағына дұға бағыштаған сәтте ойламаған жерден төбемізге дала бүркіті келіп, айналып жүргені де таңқаларлық жайт еді. Не алыстап кетпей, не жақындап келмей, қыран көкте самғады да жүрді. Біз көлікке отырып Қарқаралыға қарай бет алғанда, төбемізде қалықтай ұшып, едәуір жерге дейін шығарып салды. Мүмкін, бұл қыран Бердіқожа батырдың киесі болар...
Мұхтар Мағауин өзінің кітабында Бердіқожа батырдың аруағы туралы бірқатар сыр шерткен екен. Көкшетау мен Дуана тауларының арасы “Шоқан” кеңшарының жайлауы болып саналады. Жазушыны батыр бейітіне бастап келген Кенже Қашымашымовтың айтуынша, 1965 жылдың 22 маусымында кенеттен қара бұлт қаптап бұршақ жауып, кеңшардың тоғыз мың қойы үсіп өліпті. Ал Бердіқожа тамының түбінде отырған Балтабек Жұмабековтың бір тоқтысы да шығынға ұшырамапты. Тіпті, екі-үш шақырым қашықтықта жауған бұршақ бұл жерге тамбаған. Көпшілік мұны батыр аруағының қасиетіне балайды. Маңайдағы ауылдардан батыр бейітінің басына арнайы келіп, осында түнеп, бір перзент сұрап, бас амандығын тілеп жүргендер әлі күнге бар екен.