Ғалымдар
Жоспар
1 Ғалымдар 3
1.1 Әбу Насыр Әл-Фараби (870 – 950 жж.) 3
1.2 Әл-Фараби (870-950) 4
1.3 Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938 жж.) 4
1.4 Ә. Б. Бектұров 6
1.5 Әлкей Марғұлан (1904 -1985 жж.) 6
1.6 Қ. И. Сәтбаев (1899- 1964 жж.) 8
1.7 Н. Т. Сауранбаев 9
1.8 Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.) 10
Әдебиеттер 12
1 Ғалымдар
1.1 Әбу Насыр Әл-Фараби (870 – 950 жж.)
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Ұзлағ Ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.
1.2 Әл-Фараби (870-950)
Әбу Насыр ибн Мұхаммед – Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданының территориясындағы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген.
Кәмелетке толғанда Бағдат, Алеппо, Дамаска қалаларында тұрды. Данышпан ойшыл Аристотельді атағандай, оны көзінің тірісінде-ақ «екінші ұстаз» (Аристотельден кейін) деп атады. Ғалым-энциклопедист және философ Әл-Фараби ұрпақтарына орта ғасыр басындағы білімнің барлық салаларын қамтитын орасан зор мұра қалдырды. Оның еңбектерінің саны 200-ге жетеді. Бізге әлемнің көптеген тілдерінде жазылған және аударылған 50-ден астам шығармалары жеткен.
1.3 Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938 жж.)
Байтұрсынов Ахмет (1873-1938, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылы – Алматы) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.
1.4 Ә. Б. Бектұров
Бектұров Әбікен Бектұрұлы 1901 жылы желтоқсанның жиырма бесінде Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1931 жылы Омск қаласында институт бітірген. 1945 жылдан бастап Бектұров Қаз. ССР Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы болған. 1944 жылдан КПСС мүшесі, 1946 жылдан профессор болған. 1946-1968 жылдары Қаз. ССР Ғылым Академиясының минералдық қор бөлімінің академик-секретары болып жұмыс істеген. 1937-1950 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің жалпы химия кафедрасының меңгерушісі болған.
1.5 Әлкей Марғұлан (1904 -1985 жж.)
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985) — Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі, профессор, Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері.
1.6 Қ. И. Сәтбаев (1899- 1964 жж.)
Қ. Сәтбаев – аса көрнекті қазақ совет геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
1.7 Н. Т. Сауранбаев
Қазақ совет тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданында 1910 жылы мамырдың бесінде туған. Филология ғылымның докторы, профессор, Қаз. ССР Ғылым Академиясының академигі болған.
1.8 Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.)
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханұлы (1835-1865 жж.) — қазақтың ұлы ғалымы: тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес қыстауында туған.
Жасында Шоқан ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған, сол мектепте шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.
Әдебиеттер
1 Тарихи тұлғалар – Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. – Алматы : «Алматы кітап» ЖШС, 2006. – 376 б.
2 «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа үй, 2003. – 2. Т. – 373 б.
3. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: «Зият»,2004
4 http://kk.wikipedia.org/wiki/
5 Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы : 2005 «Аруна Ltd»,2005; ЖШС. – 656 б.
6 http://referatik.kz/load/қazaқsha_referattar/әdebiet/
7 Ахметсұлтан Кенесарыұлы, Кенесары және Сыздық сұлтандар, А., 1992. Т. Рсаев.
8 «Қазақ тілі», В.Ю. Франк, «Болашақ Балапандары», Алматы, 2006, 134 б.