Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Қылмысқа ортақ қатысу

Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамдар арқылы бірлесіп жасалуы мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде қылмыстың мәні мен оның зардабының мөлшері жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселені анықтауға толық мүмкіндік туғызады.

Қылмыстық кодексің 31-бабында қылмысқа қатысудың бірнеше нысаны: топ болып қылмыс жасау, бір топ адамның алдын ала келісу, ұйымдасқан топ және қылмысты бірлестік арқылы жасауы деп көрсетілген. Осы аталған бапта қылмысты іс-әрекетті істеудің келісушілігінің дәрежесіне сәйкес қылмысқа қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс жүзінде қатысушылардың өзара қылмыс істеуге деген алдын ала келіспеушілігінің болғанына немесе болмағанына байланысты қылмысқа қатысу нысаны төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.

Қылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып әйелді зорлау. Қайсыбір жағдайларда қылмыстың субъектісі болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалну арқылы қылмыс жасаған адам қылмыстың тікелей орындаушысы болып табылады. Немесе есі дұрыс емес адамды кісі өлтіруге пайдалнса, онда оны пайдаланған адамның өзі қылмыстың орындаушысы, ал есі дұрыс емес адам қылмыстың құралы болып табылады. Егер абайсыздықпен әрекеттенген адамды пайдалану арқылы қылмыс жасалса да, қылмысты орындаушы болып соны пайдалған адам танылады.