Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Сақтандырудың мәні


Жоспар
Кіріспе 3
I-БӨЛІМ. Сақтандырудың мәні 5
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары 5
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру 12
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру 14
II- БӨЛІМ. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі 20
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы 20
2.1.1 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 20
2.1.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 22
2.1.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 23
2.1.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 24
2.1.5 Математикалық жабдықтау 27
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары 30
2.2.1 Кіріс ақпараттары 30
2.2.2 Шығыс ақпараттары 30
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңінде экономикалық көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз өсіп-өркендеп келе жатқанда оның бәсекелі ел болуына атсалысуымыз керек. Осы курстық жұмысымның да басты мақсаты жеке мүлікті сақтандыруды жаңа деңгейге көтеріп, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу міндеті тұр.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.

I-БӨЛІМ. Сақтандырудың мәні
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары
Сақтандыру - коғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бipi. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің, қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өміp тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы корларын да немесе резервтерінде де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіc. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жене сақтық корлары түрінде қалыптасады.

1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.

1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру
Міндетті әлеуметтік сақтандыру – азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандырының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметін қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

II- БӨЛІМ. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының жеке мүлікті сақтандыру жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:

2.1.1 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

2.1.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

2.1.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

2.1.5 Математикалық жабдықтау
Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Жеке мүлікті сақтандыру ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары
2.2.1 Кіріс ақпараттары
Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

Қорытынды
Қазақстан Республикасының жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғыздым. Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай-ақ электронды үкіметтің құрылуы да тез іске асатын болады.
Бірінші бөлімде сақтандыру дегеніміз не, оның атқаратын қызметтері қандай, қандай сақтандыру кепілдемелер, оның қалай іске асатынын көрсеттім. Дүниежүзіндегі саясатта болсын, нарықта болсын дамыған елдер маңызды орын алады, сондай-ақ нарық жағдайы, нарық ауа райы сол елдерге қарап өзгеріп отырады. Сақтандыру компанияларының жұмысы оңай емес. Сақтанушы бір жағдайға түсіп қалғанда сақтандырушы оны зерттеп, апаттың неден болғанын анықтацға тырысады. Бұл жұмыстың басы ғана. Ары қарай олар зардап шеккен құнын анықтап төлеп отырады. Бұның барлығы жақсы тұрғызылған ақпарат жүйесін қажет етеді, Мен сол ақпарат жүйесін осы курстық жұмысты жазу барысында тұрғыздым деп ойлаймын.