Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қарыз проценті


Жоспар
Кіріспе 3
1 Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні 5
1.1 Қарыз проценті 11
2 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау 15
2.1 Қарыз алушының капиталы 20
2.2 Пайыз тәуекелін басқару – банк пайдасын ұлғайту құралы 23
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 28

Кіріспе
Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:

1 Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні
Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қарыз пайызының шамасы - пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар басқа да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді.
Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол - қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз - мүлдем басқа, несиенің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.

1.1 Қарыз проценті
Қарыз проценті - ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, алайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын себебі: біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден, қарыздардың несие үшін төлеген проценттік сомасы алғашқы қарызға алған құнға тең болмауынан.
Қарыз проценті тауарлы өндірістің негізінде кейінірек пайда болды. Оның пайда болуы дамыған тұрақты тауар-ақша қатынастары, оның ішінде меншік қатынастарына байланысты.
Қарыз проценті меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды уақытша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған құн оны пайдаланушыға - өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие берушіге табыс (процент түрінде) болады. Демек, қарыз проценті пайда болуы үшін несие қатынастары болуы шарт. Несие қатынастары проценттің дербес экономикалық категория ретінде туындайтын бірден-бір негізгі ортасы.

2 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
Екінші деңгейлі банктердің негізгі активті операцияларының бірі – несиелік операциялар. Банктердің несиелік портфелі банк активтерінің үштен жартысына дейінгі мөлшерде құралады. Бәрімізге белгілі банктің несиелік операциясы бойынша олар белгілі бір тәуекелге барады.
Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67 % - ішкі факторлар, және 33 % - сыртқы факторлар үлесі келеді.
Несиелеу барысында банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар

2.1 Қарыз алушының капиталы
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Бұл жерде банк қарыз алушынын капиталындағы активтері мен пассивті баптарының қатынасын қарастырады.
Қаражаттарды қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ен негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы кызметінің жүргізілуі барысында қаражат табу қабілеті немесе басқаша айтқанда, қарыз алушының қаржылық мүмкіндігі болып табылады. Бұған байланысты банк қарыз алушының табыстары мен шығыстарын егжей-тегжейлі талдауын жүргізеді және олардың алдағы уақыттағы өзгеру болашағын ескереді.

2.2 Пайыз тәуекелін басқару – банк пайдасын ұлғайту құралы
Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Экономикалық қайта құрулар процесі банк жүйесі қалыптасуымен басталып, бүгінгі күнге дейін де жалғастырып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы қажет.
Қазіргі уақыттағы банктік нарықта тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол кез келген операцияларда көрініс табады, бірақта ол әртүрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы - тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. ҚР-да барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүргізілуде.

Қорытынды
Қорыта айтқанда, қарыз процентінің барлық формаларын қолдану механизмі төмендегідей:
Біріншіден, қарыз процентінің деңгейін макроэкономикалық факторлар айқындайды, яғни қаржыға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, қаржы нарығының басқа сегменттеріндегі табыстылық дәрежесі, Орталық банктің проценттік саясаты, сондай-ақ қаржыны тарту және орналастыру мәмілесі жасалған кездегі нақты жағдайлар.
Екіншіден, процентті есептеу және төлеу екі жақты шартта көрсетіледі. Әдетте, процент немесе ай сайын немесе тоқсан сайын есептеледі.
Үшіншіден, процентті төлеу көзі операция сипатына байланысты өзгереді. Мысалы, қысқа мерзімді несие үшін төлем өнімнің өзіндік құнына қосылады, ал ұзақ мерзімді және уақыты өткен несиелер бойынша шығындар кәсіпорынның салық төлегеннен қалған пайдасынан алынады.