Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І–тарау. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент тауар ретінде 4
1.1 Ақшаның пайда болуы және қажеттігі 4
1.2 Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы 8
ІІ-тарау. Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері 14
2.1 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері 14
2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары 18
2.3 Бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

КІРІСПЕ

Ақша туралы осы уақытқа дейін талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны біреулері пайдалы тауар деп мақтаса, ал біреулері оны қоғамға зиянын тигізеді деп даттауда. Өйткені ақша үшін бүкіл қоғам жұмыс істейді, ол біреулерді бақытты тұрмысқа теңелтсе, ал біреулерді қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады.
Ақшаны ешкім ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешіріп, осы күнге ақша болып жетті. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Әрбір тауар қажетті тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді. Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.

І–тарау. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент тауар ретінде

1.1 Ақшаның пайда болуы және қажеттігі

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны. Мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

1.2 Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы

Ақшаның металдық теориясы.
Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантелистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз.
Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы XІX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XІX ғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді.

ІІ-тарау. Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері

2.1 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері

Ақша өзінің материалдық – заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ір қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгілерінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналысқа түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін XVІІІ ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауларымен бірдей.

2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары

Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды.

2.3 Бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуы

Бүгінгі таңда экономиканың дамуы, экономикалық қарым-қатынастардың жаңа формаларының дамуына байланысты және төлем жүйесінің жан-жақты дамуына байланысты ақшаның жаңа формалары пайда бола бастады және олар өзінің белгілі бір ерекшеліктеріне байланысты кейбір экономикалық операцияларды жүргізуді өте тиімді болып келеді. Ол ақша формаларына негізінен несиелік ақшаларды жатқызсақ болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бірі екендігіне көзіміз жетті Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір – бірінен бөлінбейді.
Қорыта келгенде, ақша басты экономикалық категориялардың бірі. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жалпыға бердей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бейім.