Кеңес мемлекетінің қалыптасуы және Қазақстан территориясындағы құқықтар
Жоспар
Кіріспе 3
1. Қазақстандағы Кеңес Үкіметінің орнауы. Қазан төңкерісі 4
2. Қазақстан территориясындағы ұлттық автономиялар 9
3. Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы 14
4. Түркістан Кеңес республикасы 17
5. 1918-1936 жылдардағы Қазақстан құқықтары 19
Қорытынды 22
Кіріспе
ХХ ғасырдың І ширегінде Ресей империясында әлемдік тарихты түбегейлі өзгерткен оқиғалар болып жатты. Қазан төңкерісі және азаматтық соғыс нәтижесінде бір саяси партия билігіне негізделген және жаңа құқықтық жүйесі бар мемлекеттің жаңа типі пайда бола бастады. Қазақстан бұрын Ресейдің құрамында болғандықтан бұл процесс тауқыметінің бүкіл этаптарын басынан кешірді. Бірақ нақты осы процестің нәтижесінде Қазақстанға жаңа заңды статус бекітілді, яғни тәуелсіздік алғанға дейін болашақ конституцияның эволюциясы үшін қызмет еткен Автономия болып жарияланды.
1. Қазақстандағы Кеңес Үкіметінің орнауы. Қазан төңкерісі
1917 жылдың күзіне қарай Ресейде жағдай шиеленісе түсті. Уақытша Үкімет Құрылтай жиналысына дейін мәселелерді шешпей кейінге қалдырып отырды. Армия дамыды, ірі қалаларда аштық болды. Сол уақытта басқарудың әрекет етуші жүйесі пайда болған жоқ, бұл елдегі анархияға алып келді. Саяси партиялар Жалыресейлік Құрылтай Жиналысына белсенді дайындалуда болды, соғыстан қалжыраған халық тез өзгерістерді талап етті.
Бұл ахуалды кейбір сол саяси күштер пайдаланып қалды, олардың орталық ядросы Ресей Социалистік Демократиялық жұмысшылар партиясы (большевиктер) болды. 6 қазаннан 7 қарашаға қараған түні «Уақытша Үкімет» тұтқынға алынды және астанадағы билік Петрофад Кеңесінің қолына көшті. Бұл төкеріске жұмысшылар мен солдат депутаттарының ІІ Жалпыресейлік Съезді анықталған заңдылық беруге тырысты, онда 1917 жылдың 7 қарашасындағы ел билігінің Кеңестерге көшуі жарияланды.
2. Қазақстан территориясындағы ұлттық автономиялар
Большевиктердің орталықпен қатар шет жақтардағы батыл әрекеттері ұлттық элитаның Құрылтай Жиналысын күтпей автономияны нақты жариялау жұмыстарын тездетуге түрткі болды.
Қоқанд автономиясы. ІІІ Түркістан кеңестерінің өлкелік съездіндегі асығыс шовинистік шешімдердің нәтижесінде жергілікті ұлттық лидерлер өлкені басқарудан шеттетілді, бұл оларды кері жауап қайтаруына себеп болды. 1917 жылдың 26 қарашасында Қоқанд қаласында ІV Төтенще мұсылман съезі болып өтті, онда Ресей құрамындағы Түркістан Автономиясы-Мұхтариатты жариялады. Қазақстанның оңтүстік облыстары Жетісу мен Сырдария да Автономияның құрамына кірді.
3. Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы
Азаматтық соғыста большевиктер және оның одақтастары жеңіске жетіп, Қазақстанда өз билігін заңды бекіту бойынша шара қолдана бастады. Алаш Орда қызметінің қазақ халқының ішінде автономия идеясының әйгілілігі Кеңес билігінің автономия құру идеясын қолдады, бірақ олар басқаша құруды жөн көрді. Бұл Құрылтай Съезді Кеңестерін шақыруға дайындық кезінде көрінді. Казревком туралы декретте, содан кейін 1920 жылдың 3 ақпаны және 5 мамырындағы инструкцияларында РКФР Конституциясына негізделген сайлау құқығының принциптері бекітілді.
Активті және пассивті сайлау құқығына тек жұмысшылар, қызмет етуші крестьяндар мен қазақтар, жалдамалы еңбекті қолданбайтындар ие болды. Осының нәтижесінде бай крестьяндар, жеке саудагерлер, чиновниктер сайлау құқығынан айырылды. Сонымен қатар заңды түрде жұмысшылар мен крестьяндардың теңсіз өкілдігі бекітілді. Азаматтың 1 даусы ауыл тұрғындарының 5 даусына тең болды. Кеңес Съездінің делегаттарын облыстық және губерниялық кеңестер сайлады.
5. 1918-1936 жылдардағы Қазақстан құқықтары
Большевиктер билікке келгеннен кейін құқықтық жүйені түгелімен өзгертуді мақсат етіп қойды. Бұл кезеңде құқықтың дамуы қылмыстық репрессияларды қолданумен сипатталады. Демократия мен азаматтарды қорғаудың құқықтық механизмінің жоқтығы террордың келуіне әкеләп соқты.
Сот органдары. Большевиктер билікке келгеннен кейін барлық сот органдарын, алдан ала із қозғау органдарын, адвокатура жәнепрокуратураны жойды. Соттардың жаңа жүйесі үлкен қиындықпен және көптеген шығындармен құрылды. Ақ әскерлерімен бақыланатын территорияларда 1918-1919 жылдары Уақытша Үкіметпен құрылған сот органдары әрекет етті.
1919 жылдың 10 шілдесіндегі Қазревкомның құрылуы туралы декретте сот органдарының мынадай құрылымы анықталды:
Қорытынды
Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанның саяси құқықтық дамыуының маңызды нәтижесі автономияны жариялау болды, алғашқысында демократиялық, содан кейін кеңестік. Кеңес формасының мемлекеттілігінің барлық жетіспеушіліктері болса да ұлттық территориялық автономияны мойындау РКФР құрамындағы Қазақстанның конституциялық эволюциясының негізін салды.