Синоним қатары
Жоспар
Кіріспе 3
1-тарау. Синонимдік қатар 5
1.1 Синонимдердің пайда болу жолдары 7
2-тарау. С. Сейфуллин шығармаларындағы сөз таптарынан болған синонимдер 10
2.1 Өлеңдеріндегі әр түрлі жолмен пайда болған синонимдер 15
2.2 С. Сейфуллиннің шығармаларындағы синонимдердің пайдалану тәсілі 19
Қорытынды 23
Кіріспе
Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синоним омонимге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөздер тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз тобына қатысты болады.
1-тарау. Синонимдік қатар
Синонимдік қатардың мағыналық негізгі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз болады. Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз сол сөздерді мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп таңдалынып алынады. Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде оданда көп сөздер енеді. Мысалы, «Мені бұрынғы ерім тоқалдыққа алғанда бала үшін алған еді.» (С. Сейфуллин) Бұл мысалдағы тоқал деген сөз екінші әйел деген сөзбен синоним.
Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өз ара мәндес болуымен бірге барлығының бір сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін, оның қатарына енетін сөздердің барлығы да не бірөңкей зат есім сөздерден, не бірөңкей сын есім сөздерден немесе бірөңкей етістік сөздерден болуы керек.
1.1 Синонимдердің пайда болу жолдары
Тілдегі синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. Қазақ тіліндегі синонимдердің келіп шығуының мынадай жолдары бар:
2-тарау. С. Сейфуллин шығармаларындағы сөз таптарынан болған синонимдер
Синонимдер сәл ғана мағыналық нәзік айырмашылықтарды қамтып, оралымды түрде жеткізе білуде мәні айрықша. Мұнымен бірге, синонимдердің стильдік мәні де күшті. Сөйлем де я жазу да бір сөзді қайта-қайта қайталай бермей мысалы, алдыңғы сөйлемде қолданған сөзді қайталап қолдану кейде стильдік жағынан кемшілік тудырады, қолайсыз, ретсіз болып көрінеді. Мұндай жағдайда сол сөздің синонимін тауып қолдану орынды, келісімді болады. Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің «Жұмыскерлерге» өлеңінен алынған мына шумаққа назар аударайық:
2.1 Өлеңдеріндегі әр түрлі жолмен пайда болған синонимдер
Заттар мен құбылыстардың бірден көзге түсуін байқала қоймайтын айрықша белгілері мен қасиеттерін бірте-бірте ашып, оларды атау үшін және мағыналардың нәзік реңкін ажыратып айту үшін, тілде жаңа сөздер жасалып отырады да, тілдің бүтіндей сөздік құрамы даму күйінде болады. Ал туынды жаңа сөздер сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы пайда болып отырады. Сөз тудырудың түрлі-түрлі тәсілдері арқылы сөздік құрамның даму барысында синонимдер де жасалады.
2.2 С. Сейфуллиннің шығармаларындағы синонимдердің пайдалану тәсілі
Сәкен Сейфуллин көркем шығармада кейіпкердің сан қилы образын жасау үшін синонимдерді неше түрлі тәсілмен пайдаланады.
Атап айтқанда:
1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған текстте бір рет пайдаланып кеткен сөзі қайталап қолданбау арқылы шығармаға ерекше стильдік мән беру үшін қолданылады: Мәселен:
Қорытынды
1955 жылдардан кейінгі уақыттарда жалғыз қазақ тілінде ғана емес, көптеген түркі тілдерінде де синоним мәселесі шұғыл қолға алынып, алғаш зерттеу жұмыстарын көрді. Соның нәтижесінде бүкіл тюркологияда бұл мәселе жөнінде алғаш ізденістер мен талпыныстар басталды. Синонимика мәселесі қай тілде де болмасын өзіндік ұлттың құбылыс деп есептеледі. Сондықтан да әрбір түркі тілдерінің өкілдері соңғы кезде бұған айырықша ден қойып, әсіресе өзді - өзінің тілдеріндегі синонимдік сөздігін жасаумен қауырт шұғылдануда. Солардың алғаш бастамасы ретінде қазақ тілінде, татар тілінде, өзбек тілінде, башқұрт тілінде шағын «Синонимдер сөздіктері» жарық көрді. Бұлар негізгі үлкен жұмыстардың алғаш бастамалары ғана деп түсіну керек. Үлкен синонимдер сөздігін жасау жеке авторлардың кез келгенінің қолынан келе бермейді, көбінесе авторлар коллективінің күшімен ғана жүзеге асады. Мұны біз орыс халқының мол тәжірибелерінен айқын байқаймыз.