Қылмыстық іс жүргізудегі апелляция
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі және тәртібі 5
1.1 Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру - құқықтық талдаулары 5
1.2 Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы 20
1.3 Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі 23
II - тарау. Аппеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қарау 29
2.1 Аппеляциялық өндірістің түсінігі, қозғау негіздері, пәні және шектері 29
2.2 Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі 36
ІІІ-тарау. Үкімнің күшін жою немесе оны өзгерту негіздері 42
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 53
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза қолдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
І-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі және тәртібі
1.1 Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру - құқықтық талдаулары
Апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру - қүқықтық талдауларын мен үш бөліммен қарастырдым: 1) қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерін қайта қарау институты; 2) кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары және 3) кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту.
1. Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты
Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі кұкығы да дамып, жетілдіріліп отырды. Қазақстан Ресейге косылғаннан кейін оның аумағында қылмыстык іс жүргізудің екі түрі колданылды: біріншісі, қазақтардың дауларды, қүқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу. Сот өндірісінің екінші түрі бойынша іс орыс тілінде және Ресей заңдары негізінде жүргізілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісі елдегі биліктің еңбекші тап кеңестерінің қолына көшкендігін әйгілеп берді. Революция жасақтаған кеңестік өкімет органдары Қазақстандағы бұрынғы сотгарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазакстандағы сот жүйесінің кұрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуіне және мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерді қамтыды.
1.2 Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрады.
Қазақстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң болып табылады. Бүл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот.
1.3 Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі
Еліміздің ұлттық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. ҚР ҚІЖК-нің 396-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда. тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға. ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және оңын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
II - тарау. Аппеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қарау
2.1 Аппеляциялық өндірістің түсінігі, қозғау негіздері, пәні және шектері
Аппеляциялық өндіріс - басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі заң нормаларының бұзылуын анықтау, жою, заңдылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекеттІ қылмыстық іс бойынша өндірістің қатысушыларының кұқыққа қайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудің жеке сатысы.
2.2 Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі
Бірінші сатыдағы сот аппеляциялық шағым мен наразылық келтіруге арналған мерзім біткен соң және мүдделі тұлғаларды шағым беру туралы және оған қарсылық білдіру мүмкіндігін түсіндіргендігі хабарландыру талабы орындалған соң, істі қараудың жоғары тұрған сотпен келісе отырып белгіленетін уақыты мен орнын көрсетіп, істі тиісті аппеляциялық сатыға жібереді (ҚР ҚІЖК-нің 408-бабының 1 б.).
Істің қаралу орны мен уақытын бірінші саты сот тараптарға хабарлайды. Хабарлау тәсілі қарапайым - барлық іске қатысушыларға шақыру қағаздары жіберіледі. Сот отырысына қамауда ұсталып отырған сотталушыны шақыруды заңда бектілген тәртіппен аппеляциялық сатыдағы сот шешеді.
ІІІ-тарау. Үкімнің күшін жою немесе оны өзгерту негіздері
Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер мыналар:
1) сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;
2) соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының істің нақты мән жайына сәйкес келмеуі;
3) қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы;
4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуі бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып табылады (ҚІЖК-нің 412 6.).
Анықталған жағдайда істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйі қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес деп танылады.
Іс бойынша:
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, апелляциялық инстанция - тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот. Әрі бұл жөнінде сот өз шешімін шығаруға міндетті. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін тоқтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді. Сөйтіп, сот та өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ал, тараптардың шешімге қатысты бұдан кейінгі дауласуы басқа «жазықтыққа» ауысады; тараптардың шағымдарын келесі сатыдағы соттың судьялары мен лауазымды тұлғалары қарайды, әрі мәселенің қаншалықты шешілетіндігі солардың еркіне байланысты. Тек, прокурордың наразылығы ғана ешбір бұлтарыссыз келесі сатыдағы соттың есігін аша алады.