Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының экономика лық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметін талдау және жетілдіру жолдары
Мазмұны
Кіріспе 3
I Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі, оны қамтамасыз етудегі кеденнің рөлі 5
1.1 Экономикалық қауіпсіздік мәні және мазмұны 5
1.2 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кеден органдарының ролі 10
1.3 Экономикалық қауіпсіздікті қаматамасыз ету әдістері мен шаралары 13
1.4 Кеден іс саласындағы құқық бұзушылықтар - елдің экономикалық қауіпсіздігінің нақты қауіптері 22
1.5 ҚР-ның өзге елдермен халықаралық кедендік ынтымақтастығының құқықтық негіздері 38
ІІ. ОҚО бойынша кеден басқармасының экономика лық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметін талдау және жетілдіру жолдары 48
2.1 Кеден органдарының құқық бұзушылықтарына қарсы атқарылған іс - шараларын талдау 48
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде контрабанда және кедендік құқық бұзушылықтарымен күрес бөлімінің қызметін талдау және жетілдіру жолдары 50
Қолданылған әдебиеттер 61
Кіріспе
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, мемлекеттің алдында қазіргі уақыпағыдай проблемалар мен перспективалар анағұрлым маңызды болмаған. Себебі барлық мәселелер орталықты шешімін табатын болған. Ал еліміз өз алдына егемендік алған соң оның негізгі мүддесі болып, мемлекеттің жан-жақты дамуы табылды. 1990 жылдардың басында және орта шенінде ел халқының әлеуметтік хал-ахуалы, экономикалық дамуының тенденциясының төмендеуі, яғмн экономикалық дағдарыс ерекше байқалды. Осы дағдарыстан шығу үшін, елдегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, мемлекет әрі қарай даму үшін белгілі стратегиялық маңызды шаралар жасау керек болды. Осындай кедендік саясаттың бір тармағы - халықаралық кедендік ұйымдармен, жекелеген елдермен мемлекеттің кедендік байланыс орнатуы.
Әлемде әлемдік және аймақтық маңызға ие халықаралық ұйымдар бар.
I Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі, оны қамтамасыз етудегі кеденнің рөлі
1.1 Экономикалық қауіпсіздік мәні және мазмұны
XX ғасырдың соңында Қазақстан саяси тәуелсіздігін ала отырып күрделі экономикалық процестермен тоғысты. Әлеуметтік-экономикалық реформалардың негативті зардаптары кез-келген мемлекет тұрғынының өміріне қауіп, экономикалық тұрақтылыққа қатер төндірді.
Әлемдік экономикадағы соңғы өзгерістер - террористік ұйымдар қызметтерінің күшеюі, биологиялық қару-жарақтардың жаңа түрлерінің пайда болуы, ядерлік қарулардың кең жаюлуы - әр бір адамға тек жеке бас емес, сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті түсінулерін мәжбүр етті.
Ұлттық қауіпсіздік - ішкі және сыртқы себептер әсерінен қоғамның өмір сүру аумақтары мен әр түрлі салаларында пайда болатын оның түпкілікті ұлттық-мемлекеттік мүдделері мен өзінің тіршілік етуіне қауіпті жою немесе болдырмауды қамтамасыз ететін жағдай.
Ұлттық қауіпсіздіктің ерекшеліктері:
1.2 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кеден органдарының ролі
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кеден органдары үлкен роль атқаралды. Кеден органдары сыртқы сауда айналымын реттеуге қатыса отырып, сонымен қатар фискалдық функцияны жүзеге асыра отырып, ол мемлекет бюджетін толықтырады және сол арқылы мемлекеттің экономикалық проблемаларын шешуге көмектеседі.
Кеден органдары протекционистік шаралар арқылы мемлекеттің өндірісін қорғайды. Қазіргі кезде ҚР-ның экономикасы ашық болғалы бері бұрынғығы қарағанда ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі күрделі проблемаға айналады.
Оны қамтамасыз етуге сәйкес кеден органдарының құзіретіне келесілер тиесілі болып табылады:
1.3 Экономикалық қауіпсіздікті қаматамасыз ету әдістері мен шаралары
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2 әдісі бар: экономикалық және құқықтық.
Экономикалық әдісіне СЭҚ-ті тарифтік және бейтарифтік реттеу шаралары және импорталмастыру бағдарламасын жүзеге асыру жатады.
Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сыртқы сауда балансының белсенді ортасын қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген нарықтарының дамуын көтереді. Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық қызыметімен тығыз байланыста жүргізіледі, ол өзіне тариф элементін жартылай алады да сонымен оны толықтырады.
Кеден тарифі өзінің маңызы жағынан экономикалық сипатта деуге болады. Бұл жерде ол нарық экономикасы жағдайында болуына байланысты активті шешім тауып отыр. Импорттық тариф кеден реттеуінде негізгі үлесті алады, ішкі салық иесімен бірге қосылып, біріншіден, бағаның көлеміне ықпал етеді, кәсіпорындардың тиімділігі, Ұлттық валюта жағдайы, тауар құрылымының қалыптасуы т.б. жүйелерді реттеуде көмек етеді.
1.5 ҚР-ның өзге елдермен халықаралық кедендік ынтымақтастығының құқықтық негіздері
Қазақстан-Қытай: Кедендік ынтымақтастық:
ҚР Республикасы кеден комитеті және ҚХР Бас Кеден басқармасының шекаралық мәселелер бойынша жұмысшы тобының жиналысында қабылданған. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1997 жылы 26 қыркүйектегі «Кеден ісі саласындағы ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы» келісім шартын жүзеге асыру мақсатындағы және ҚР Мемлекеттік кіріс Министірлігі Кеден комитеті төрағасы Маратқали Нүркенов пен ҚХР Бас Кеден Басқармасының төрағасы Чань Гуань Линь арасында Пекинде қол қойылған. Меморандумға сәйкес 2002 жылдың 22-24 қаңтар аралығында ҚР кеден қызметі жұмысшы тобымен ҚХР кеден қызметінің жұмысшы тобының арасында шекаралық мәселелер бойынша алғашқы мәжіліс өтті.
ҚР кеден қызметі жұмысшы тобының жетекшісі Кеден Комитетінің Халықаралық қатынастар басқармасының бастығы С.М. Нұрғалиева ханым болды.
Ал, ҚХР кеден қызметі жұмысшы тобының жетекшісі Бас Кеден Басқармасының, Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті бастығының орынбасары Кан Чань мырза болды.
Жақтар бұрын қол қойылған келісім-шарттар мен хаттамалардың жүзеге асыру барсына байланысты өзара ақпараттармен алмасты және болып жатқан проблемаларды талқылады.
ІІ. ОҚО бойынша кеден басқармасының экономика лық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі қызметін талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Кеден органдарының құқық бұзушылықтарына қарсы атқарылған іс - шараларын талдау
ҚР кеден органдары құқық қорғау қызметін орындау барысында белгілі бір нәтижелерге жетті. 1999 жыл және 2005 жыл аралығында кеден ісі саласындағы қылмыстар едәуір өскен.
ҚР кеден органдарының маңызды міндеттері экономикалық қылмыстармен және әкімшілік құқық бұзушылармен, контрабандалық тауар және көлік - құралдарының, есірткі заттарының қару-жарақтың, Республиканың мәдени-тарихи құндылықтарының заңсыз өтуімен тиімді күрес жүргізу болып табылады.
Кеден органдары өздерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыра отырып, экономикалық қылмыстармен күресте маңызды жұмыстар атқарады.
Контрабандамен күрес жүргізу шараларына келер болса, контрабанда мен есірткінің заңсыз айналымына күрес жүргізу кеден органы қызметкерлерінің ең басты бағыттарының бірі болып табылады. Дегенмен, ТМД елдерімен арадағы ірі автокөлік және темір жолдардың көптігі мен шекаралардың созылыңқы болуы контрабандаға қарсы күресті қиындата түседі.
Наркомания және наркобизнеспен күресте ҚР Кеден Бақылау Агенттігінің кинологиялық қызметі көп еңбек сіңірді.
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде контрабанда және кедендік құқық бұзушылықтарымен күрес бөлімінің қызметін талдау және жетілдіру жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының бөлімінде тауарды кеден шекарасынан заңсыз орналастырумен байланысты әкімшілік істер қозғалады, ол әкімшілік кодекс бойынша қарастырылып сотқа жіберілді. Сонымен, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден Басқармасының оңды істеріне талдау жасасақ. Кеден ісі саласында құқық бұзушылық пен қылмысты анықтап, оның алдын алу үшін біраз істер атқарылуда. 2003 жылда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 250-бабы бойынша наркотикалық заттар контрабандасы мен басқада айналасына тыйым салынған заттарды анықтап қолға түсіруді қылмыстық іс қозғау 30%-ке ұлғайған. 2005 жылдың 12-айлық көрсеткішінде заңсыз наркотикалық заттар айналысының 12) фактісі анықталып 7 кг наркотикалық заттар 250-259 баптар бойынша қолға түсірілген.