Ұзақ мерзімді активтердің аудиті
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктерінен оның аудитінің мақсаты туындайды.
Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:
Негізгі құралдар ұзақ уақыт (бір жылдан жоғары) бойы өндіріс процесінде қатысып, өзінің қасиетін, қалпын сақтап біртіндеп тозатындықтан, олардың есебіне аудит жүргізген кезде аудитордың негізгі мақсаты - негізгі құралдарға қаралған тәртіптерге сәйкес тозу есептелгендігін анықтау болып табылады. Ол үшін аудитор негізгі құралдар нысандарының амортизацияланып тозу есебіне тексеру жүргізген кезінде мынандай мәселелерге назар аударуға міндетті:
Моральдық тозу процесінің нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың дамуының қазіргі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуы, яғни нысандардар бірін-бірі ығыстырып шығаруы кездеседі. Негізгі құралдардың табиғи толық ескіріп тозуына бірнеше факторлар әсер етеді:
Шаруашылықтың мүліктерінің құрамында соңғы кездерде отандық бухгалтерлік есептің жаңа нысандарының қатарына жататын материалдық емес активтердің үлесі арта түсуде. Бұрын онша етене таныс емес жаңа нысандардың есебін жүргізуде түсініксіздіктердің кездесіп отыратыны заңды құбылыс. Аудитор материалдық емес активтердің қатарына жататын активтерді анықтап, топтау, бағалау, кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу тәртіптеріне және амортизация есептеу ерекшеліктеріне назар аударып, бағдарлама жасауға, тексерілетін мәселелерді анықтауға міндетті:
Мүлікті пайдалану құқығына жататындар: жер участкілерін, табиғи ресурстарды (су, пайдалы қазбалар), пәтерлерді, мүліктерді ж.т.б.пайдалану құқықтары. Кейінге қалдырылған шығындарға жататындар: ұйымдастырылу шығындары, ғылыми зерттеулерді өңдеу және тәжірибе-конструкторлық өңдеулер шығындары.
Аудитор материалдық емес активтердің топталуын тексерген кезінде мына мәселелерге назар аударуға тиісті: