Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының Парламенті

Жоспар
1. ҚР Парламент институтының түсінігі 3
2. ҚР Парламент құзыреті мен актілері 4
3. ҚР Праламент депутаттарының мәртебесі 6
4. ҚР Парламентінің Регламенті 8
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 9

1. ҚР Парламент институтының түсінігі
Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Кезектi сайланған Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған кезден басталады және келесi сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлiгi Мәжiлiс сайланымының кезектiлiгiмен, ал Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмi кезектi сайланған Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiмен айқындалады.

2. ҚР Парламент құзыреті мен актілері
а) Республика Парламентiнiң құзыретi
Парламенттiң Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен және бөлек отырыстарындағы құзыретiн, Палаталардың ерекше құзыретiн Республика Конституциясы белгiлейдi және Парламенттiң сессияларында, Парламент Палаталарының, оның органдары мен депутаттардың қызметiнде жүзеге асырылады.
Сенаттың ерекше қарауына келесілер жатады:

3. ҚР Праламент депутаттарының мәртебесі
Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады. Парламент депутатының өкiлеттiгi орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша депутат iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен «Қазақстан Республикасы және оның депутатарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

4. ҚР Парламентінің Регламенті
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Регламентi Палаталардың бiрлескен отырыстарын өткiзу жағдайы мен тәртiбiн, Сенат пен Мәжiлiс Регламенттерiнде реттелмеген мәселелердi қарау, Парламенттiң бiрлескен органдарын құру және олардың қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ Парламенттiң депутаттары мен лауазымды адамдар. Парламенттiң жалпы отырысын, егер заңда өзге мерзiмдер белгiленбесе, ол өткiзiлетiн күннен жетi күн бұрын Палаталардың депутаттарына хабарлай отырып, Мәжiлiс Төрағасы шақырады. Бұл ретте Мәжiлiс Төрағасы Парламенттiң жалпы отырысын шақыру туралы өкiм шығарып, оны Парламент депутаттарына хабарлайды.