Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 96 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары


Мазмұны
КІРІСПЕ 3
I Бөлім. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың
теориялық негіздері мен рөлі 6
1.1. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, принциптері, мақсаты мен міндеттері 6
1.2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі 11
1.3. Қаржылық жағдайдың мәні 15
II Бөлім. «Биос» ЖШС-ң қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау 23
2.1. Ұйымның негізгі экономикалық сипаттамасы 23
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау 27
2.3. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау 51
2.4. Кәсіпорын табыстылығы мен іскерлік белсенділігін бағалау 76
Ill Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары 82
Қорытынды 94
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 96

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау керек. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржылық тепе-теңдікке жету кәсіпорынды шаруашылық жүйесінің тұрақты звеносы ретінде қарастыруға болады, бүл экономиканың нақты секторының дамуының маңызды факторы болып табылады.
Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін қаржылық, ақша-несие, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге асыру керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Биос» ЖШС-ң қаржылық жағдайын бағалау. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған :
1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау;
2. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау;
3. Кәсіпорын табыстылығы (рентабелъділігі) мен іскерлік белсенділігін талдау және бағалау.
Осы міндеттері орындау барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар оның қаржылық жағдайын жалпы бағалау, актив кұрамы мен құрылымын, меншікті капиталын, міндеттемелерін, олардың жағдайы мен қозғалмасын бағалау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін талдау, табыстылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және кәсіпорын кызметінің қаржы шаруашылық тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.

Ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету олардың жұмысына экономикалық тұрғыдан дұрыс басқаруды талап етеді, бүл көбінесе оны талдай білумен айқындалады. Кешенді түрде талдаудың көмегімен даму тенденциясы зерттеледі, қызмет нәтижелерінің өзгеру факторлары терең және жүйелі түрде зерттеледі, бизнес-жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді, олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылады, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады, кәсіпорынның қызмет нәтижелері бағаланады, оны дамытудың экономикалық стратегиясы жасалады.
Шаруашылық қызметке кешенді түрде талдау жүргізу - бұл бизнестегі басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми негізі. Оларды негіздеу үшін қазіргі және алда тұрған мәселелерді, өндірістік және қаржылық тәуекелдерді анықтай және болжай білу керек, қабылданған шешімдердің шаруашылық жүргізуші субъектінің тәуекелдік және табыс деңгейіне тигізетін әсерін анықтау керек. Сондықтан барлық деңгейдегі менеджерлердің кешенді түрде экономикалық талдау жасау әдісін игеруі олардың кәсіби дайындығының құрамды бөлігі болып табылады.
Талдау техникасы мен технологиясын біле отырып, олар нарықтағы жағдайдың өзгерістеріне оңай бейімделе алады және дұрыс жауап пен шешімдер таба алатын болады. Осыған орай экономикалық талдаудың негіздерін игере білу: шешім қабылдауға қатысатындарға да, оларды қабылдау бойынша ұсыныстар беретіндерге де пайдалы болмақ.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты.

I Бөлім. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың
теориялық негіздері мен рөлі
1.1. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, принциптері, мақсаты мен міндеттері

Шаруашылық қызмет және онда өтіп жатқан процестер көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық теорияның, макро- және микроэкономиканың, басқарудың, өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлаудың, статистиканың, бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және т.б. Экономика саласының немесе жеке бір кәсіпорынның нақты жағдайындағы экономикалық процестердің дамуына жалпы, жеке және арнайы заңдардың тигізетін әсерін зерттейді. Статистика шаруашылық қызметте жүріп жататын жалпы экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жағын зерттейді. Бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық қызмет процесіндегі капиталдың айналуы болып табылады. Ол барлық шаруашылық операцияларды, процестерді және сонымен байланысты кәсіпорын қаражатының қозғалысын және оның жұмыс нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады.

1.2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі
Экономикалық талдау - бұл оларды құрамды бөліктерге бөле отырып, неше түрлі байланыстар мен тәуелділіктерін зерттеуге негізделген, экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі.
Әлемдік, ұлттық экономика және оның кейбір салалары деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін макроэкономикалық талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін микроэкономикалық талдау деп бөлінеді. Соңғысы «шаруашылық қызметті талдау» (ШҚТ) деген атау алған.
Экономикалық талдаудың экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін тану құралы ретінде пайда болуын бухгалтерлік есеп пен баланс жүргізудің пайда болуымен және дамуымен байланыстырады. Алайда ол өзінің теоретикалық және практикалық дамуын нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде, атап айтқанда XIX ғ. екінші жартысында алды. Шаруашылық қызметті талдаудың айрықша арнайы білім саласына бөлінуі кейінірек - XX ғ. бірінші жартысында болды.
Шаруашылық қызметін талдау мазмұны кәсіпорынды басқару жүйесіндегі ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен туындайды. Басқару жүйесі мынандай өзара байланысты қызметтерден тұрады: шаруашылық қызметті жоспарлау, есеп және бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау.

1-сурет. Басқару жүйесіндегі экономикалық талдаудың орны.
Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады.

1.3. Қаржылық жағдайдың мәні

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жүмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бүл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет «Кәсіпорыныңның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

II Бөлім. «Биос» ЖШС-ң қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
2.1. Ұйымның негізгі экономикалық сипаттамасы
I. Жалпы жағдайы.
«Биос» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік 1998 жылы құрылған. Ол өндіріс, шаруашылық, делдалдық, коммерциялық, қаржылық, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету мақсатында құрылған. Басты мақсаты - заңды және жеке тұлғалардың тауарларға, қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру және максималды табыс табу. Меншік түрі - жеке. Серіктестік құрылтайшылары - жеке тұлғалар. Ол заңды тұлға болып табылады және өзін-өзі қаржыландыруға, өзін-өзі өтеуге негізделген. Меншігінде өз мүлкі, балансы бар. Негізгі қызмет түpi - ветеринарлық дәрі-дәрмектерді caтy. Биос ЖШС өз қызметін келесі құжаттар негізінде жүзеге асырады:

2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау

Іс жүзінде қолданылып жүрген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық көрсеткіштері әдетте екі үлкен топтарға бөлінеді. Бірінші топқа нормативтік мәндері бекітілген көрсеткіштер жатады. Бұл: қаржылық тұрақтылық, төлем қабілеттілік пен өтімділік көрсеткіштері. Екінші топтағы көрсеткіштер бойынша нормативтік мәндер бекітілмейді. Бұл топқа табыстылық (рентабельділік), тиімді басқару мен іскерлік белсенділік көрсеткіштері жатады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деген ұғым келешектегі төлем қабілеттілікпен тығыз байланысты. Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың сыртқы субъектілеріне (әсіресе инвесторларға) кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге (бір жылдан аса) анықтауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономика жағдайында өндіріс процесін жүзеге асыру, оны ұлғайту, кәсіпорынның әлеуметтік және басқа да мұқтажын өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті қаражаттар, ал олар жеткіліксіз болғанда - қарыз қаражаттары есебінен жүргізілетіндіктен, сыртқы қарыз беру көздерінен қаржылық тәуелсіз болудың мәні зор, алайда оларсыз да жұмыс жүргізу қиын, ал кейде тіпті мүмкін емес.

5-кестеде көріп отырғанымыздай кредиторлық берешек дебиторлық және кредиторлық берешектің жалпы көлемінде жылдың соңына қарай ең көп үлес салмақты 97% алды және 33,04 есе дебиторлық берешектен өсіп тұрғанын есепті жылда, ал өткен жылы Кредиторлық берешек дебиторлық берешектен 17,6 есе өскенін көреміз. Бұның бәрі кәсіпорын дамуының тұрақсыздығына әкеледі.
Ары қарай дебиторлық берешектерді құралу мерзімдері бойынша талдаған дұрыс болады. Баланста берешектердің мұндай түрлері төлемдер; есептік күннен кейін 12 айдан асатын уақытта төленетін және төлемдері есептік күннен кейін 12 ай ішінде күтілетін берешектер болып бөлінеді. Дебиторлық берешектерді мына үлгіде топтастыруға болады: 1-айға дейін, 1-3 айға дейін, 3-6 айға дейін, 6 ай-1 жылға дейін және 1 жылдан асатын. Құралу себебі бойынша мерзімдік жөне мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешектер деп бөледі. Мерзімдік берешек қолданылған есептеулер түрінің салдарынан пайда болады. Мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешектер ұйым жұмысындағы кемшіліктерден пайда болады және оған мыналар кіреді: жөнелтілген тауарлар мен өткізілген жұмыстар бойынша сатып алушылардың уақытында төленбеген есеп-шоттары; несиеге сатылған және уақытында төленбеген тауарлар бойынша есеп айырысулар; ақшалай қаражаттары уақытында түспеген вексельдер т.б.
Ағымдағы активтердің жағдайын бағалай отырып, дебиторлық берешектердің өтімділігі мен сапасын зерттеген өте маңызды. Бұл мақсатқа пайдаланылатын көрсеткіштердің бірі берешектердің айналымдылық кезеңі (Б.а.к.) немесе қарыздарды инкассациялау кезеңі болып табылады. Ол тауарды тиеу мен клиенттерден олар үшін ақша алу уақытына тең болады:

5-сурет. Ақша ағымдары
Ақша ағымдары жоспарланады, ол үшін 1 жылды айларға бөле отырып, ал жедел басқару үшін тоқсандарға және бес күндерге бөліп, кірістер мен шығыстар жоспарлары құрылады. Егер біршама уақыт бойы ақша қаражаттарының оң қалдықтары болжамалса, онда оларды алдын ала тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек. Кейбір кезде қалдығы ақшаның жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін. Онда заемдық қаражаттарды тарту көздерін жоспарлау керек.
Талдау процесінде банктегі ақша қалдықтарының қарқыны мен активінің осы түрде болу кезеңін зерттеу қажет. Капиталдың қолдағы ақша түрінде болу кезеңі мына формуламен анықталады:

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффициенті

2.3. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау
Баланс өтімділігін талдау.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп - «кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады». Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде.

2.4. Кәсіпорын табыстылығы мен іскерлік белсенділігін бағалау
Кәсіпорынның табыстылығын зерттеу.
Табыс (пайда) табу кез-келген кәсіпорынның мақсаты болып табылады. Сонымен қатар нарықтық экономикада кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады.
«Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі».
Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Ill Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары
Ағымдағы және келешек жоспарды ғылыми тұрғыдан негіздеу кәсіпорынның өткен жылдардағы қызметінің нәтижесіне терең экономикалық талдау жүргізбей және келешекке негізделген болжауларсыз, кәсіпорын экономикасының даму заңдылықтарын зерттеп алмай, орын алған кемшіліктер мен қателіктерді анықтамай ғылыми түрғыдан негізделген жоспарды жасауға, басқару шешімінің ұтымды нұсқасын таңдап алуға болмайды.
Қорларды үнемді пайдалану жоспары мен басқару шешімінің орындалуын бақылау керек. Талдау тек фактілерді анықтау мен қол жеткен нәтижелерді бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар кемшіліктерді, қателіктерді анықтап алу және экономикалық процестерге шұғыл түрде әсер ету мақсатында да жүргізілуі тиіс. Сондықтан талдаудың шұғылдығы мен әрекеттілігін арттыру қажет.
Объективті және субъективті, ішкі және сыртқы факторлардың шаруашылық қызметтің нәтижелеріне әсерін зерттеу.

Қорытынды
Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономикалық дербес шаруашылық субъектісі. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып табылады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу керек. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші - бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін - жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Абрютина М.С. Анализ финансово экономической деятельности предприятия.: Учеб. прак. пособие. - 2-е изд.испр. - М.: Изд. «Дело и сервис» ., 2000.- 265 с.
2. Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в переходной экономике (на примере Республики Казахстан). -Дисс.канд.экон.наук. Алматы, 2002. — 141 с.
3. Дүйсенбаев К.Ш. және т.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы / Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. -Алматы : Экономика, 2001. — 330 б.
4. Жүйриков К.К. Финансовый анализ предприятия: Учебн. КазАТК, Алматы, 2003
5. Жүйриков К.К., Раимов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник. -Алматы: Алматинская академия экономики и статистики, 2004. - 512 с.
6. Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и прцедуры. - М. : Финансы и статистика, 2003. — 560с. ; ил.
7. Любушин Н.П. и др. Анализ финансово экономической деятельности предприятия. Учебн. пособие, М., 2003