Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 34 стр.

Полный просмотр работы

Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі

Мазмұны
Кіріспе 3
І ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны 5
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері 8
ІІ ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖИРИБЕЛЕРІ 27
2.1 Шығыс азиялық басқару құрлымы 27
2.2 Еуропалық өзін-өзі басқару құрлымы мен тәжирбелері 29
Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер 34

Кіріспе
Мемлекеттік билікті орталықсыздандыру мен қоғамды демократияландыру аясында жергілікті мемлекеттік басқаруды жаңартуды саясаттанулық тұрғыда зерттеу бүгінгі күннің өскелең талабы.
Саяси жаңарудың барлық кешенінің шешімі жағдайдың тұрақсыздануына, азаматтық жанжалдар мен сілкіністерге жол берілмеуіне негізделген. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы асығыстыққа өзінің қарсы екендігін үнемі ескерте отырып, саяси реформаларды іске асыру кезінде көп этностық қоғамда рухани келісім мен тұрақтылықты сақтап қалу қажет екендігін түсіндіреді. «Мен эвалюциялық дамудың, яғни қоғамды бірте-бірте, обьективті жағынан даярланған реформалаудың жақтаушысымын» - дейді Н.Назарбаев. Дербес дамудың өткен 14 жылында Қазақстан өзінің ұлттық мүделерін, сыртқы саяси бағдарлары мен іс-әрекеттерінің және ішкі саяси бағдарламасын белгілей алды.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдарына іс жүзінде танылған қоғамдық өзін - өзі бақару комитеттері, жолдастық соттар, ерікті халық жастары, көше, үй және квартал комитеттері, халықтың өз күштерімен құрған өзге де ұйымдары жатады.
Жергілікті өзін - өзі басқару нысандарына халықтың жергілікті сұрау салуын, жиналыстары мен нысандарын, халықтың тұратын жеріндегі кәсіби және өзге де ерік білдірулерін жатқызуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін–өзі басқару тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу. Жұмыстың өзекті мәселесіне – еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен қоғам өміріндегі маңызы, оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы демократиялық жаңарулар жүйесіндегі жаңа экономикалық қатынастарға өту кезеңінде жергілікті өзін - өзі басқару реформасы маңызды роль атқарады.
Жергілікті өзін-өзі басқару - "... шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады".
Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты қабілеті деп түсініледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару Еуропалық Хартиясының негізінде субсидиарлық принципі жатыр. Оның басты мәні: төменгі (жергілікті) деңгейлерде шешуге болатын мәселелерді биліктің жоғарғы деңгейлеріне жеткізбей-ақ шешу. Қазіргі кездегі әлем елдерінде жергілікті өзін өзі басқару органының екі түрі бар; тиісті әкімшілік-аумақтық, бірліктік тұрғындарымен сайланатын және аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын жергілікті өкілді орган, екіншісі - әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы. Дегенмен, оған кейбір жалпымемлекеттік функцияларды да жүктеуі мүмкін.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдары өздерінің билік (компотенция) шегінде шешім қабылдайды, ол шешімді сол территорияда тұратын азаматтар орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының жергілікті және өзін - өзі басқару мемлекеттік басқарудың обьектісі бола отырып, өзін - өзі басқару функциясын кеңейте отырып, мемлекеттік билікті қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүргізу құқығына ие болды. Облыстағы барлық әлеуметтік – экономикалық процестерді тиімді басқару үшін оның экономикалық – географиялық жағдайын, оның шекарасын, табиғат жағдайы мен ресурстарын барлық демографиялық прцесстерін басқаруы тиіс.

1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері
Көптеген мемлекеттердегі мемлекеттік және муниципалдық құрылымды тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы осы көздер қалыптасу үстінде және ол заңдарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып бекітілуін қажет етеді.
ЖӨӨБ-дың экономикалық негізі мына түрде қалыптасады.

Сонымен қоса муниципалды тәжірибедегі белгілі жағдай, ол мемлекеттің жекелеген өкілеттігін қажетті қаржылық және басқа да құралдармен бірге ЖӨӨБ-ға бөлініп берілумен белгілі.
Өкілеттіктердің бөлінуі екі формада жүргізілуі мүмкін:
1) бөліп беру - ЖӨӨБ органдарының міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу әрекеті;
2) беру – мемлекеттік органдарына қатысты қандай да бір мәселелерді шешу құқығын ЖӨӨБ органдарына бір рет, белгілі бір мерзімге немесе мерзімсіз беруді жеткізу.
Сонымен мемлекеттік билік жергілікті қауымдағы ӨӨБ билігін мойындайды және муниципалды құқық көзі ретінде Жарлықты (ережені) да мойындайды.

ІІ ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖИРИБЕЛЕРІ
2.1 Шығыс азиялық басқару құрлымы
Екінші дүние жүзілік соғыста Жапония тізе бүккеннен кейін елдегіжоғарғы билікті, одақтастықтардың келісімі бойынша, Америка әскери әкімшілігі жүзеге асырды, оның басты міндеттерінің бірі - елді демилитаризациялау және демократияландыру болды. Осы процестің аясында Жапонияда жаңа концитуция жасалды, ол 1946 жылы қазанда қабылданып, 1947 жылғы мамырда күшіне енді.
Концтитуция ел тарихында алғаш рет Ұлттық тәуелсіздік принциптің және негізгі демократиялық еркіндікті жариялады, жалпыға бірдей концепциясы ретінде құқықтық мемлекет концепциясы қабылданды және классикалық демократияның тұғырлы принциптерінің бірі - биліктерді: заңдылық, атқарушы және соттық деп бөлу принципі жария етілді.

Конституцияға сәйкес, император «Халықтың атынан» парламентті шақырады, төменгі палатаны тарату туралы хабарлай алады, конституцияға түзету енгізеді, заңдар, келісім шарттар, үкімет жарлықтарын шығарады, парламенттің ұсынысымен премьер – министрді тағайындайды, ордендермен марапаттайды, шетелдік дипломатиялық өкілдерді қабылдайды, басқа да бірқатар мінедеттерді атқрады, шындап келгенде, оның өкілеттігі үстіртін сипатқа ғана ие, өйткені жүзеге асыруда оның ықпалы жүрмейді.
Сонымен император мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты өкілеттікке ие емес, мемлекеттік ісіне қатысты қаракеттерді сол үшін жауап беретін министрлер кабинетінің кеңесімен және қабылдауымен ғана іске асыра алады.

2.2 Еуропалық өзін-өзі басқару құрлымы мен тәжирбелері
Британия конституциясы негізгі заң деп арнайы жарияланған акт болып есептелінеді. Ұлыбританияның жазылмаған конституциясы үш санаттан тұрады:
1. Құқықтық норма статусы.
2. Президенттік құқық
3. Норма, конституциялық салты болып табылады.
Британия мемлекеті, Ұлыбритания құрама патшалығы мен солтүстік Ирландия арнайы атауы – унитарлық мемлекет. Бұл мемлекеттің құрамына төрт географиялық тарихи басқару жүйесінде маңызы бар аудандар бар. Олар: Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия.
Ұлыбртитания – конституциялық дара билеуші, мемлекет басшысы патша (патшайым) болып табылады. Патша тағы Ұлыбританияда әкеден үлкен ұлына, егерде ұлдары болмаса, тақ патшаның үлкен қызына мұра болып қалады. Патшайымның күйеуі патшаның билігін ала алмайды, ол ханзада лауазымын консарт болады. Қазіргі кезде Бриьания тағын ІІ – Елизаветаның билігінде.

Қорытынды
Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік дамуында жаңа бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған билік жүйесі Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.
Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік құрылымда бұл жүйенің қызметтері қоғамның және мемлекеттің дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады.
Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.
Мұның басты себептері қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.
Қазақстанның қазіргі сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын орталықтан жергілікті деңгейлерге түсіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген — "Мемлекеттік басқару - деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін білдірді: "Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Сондықтан да еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өзекті мәселелердің қатарында. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға соғуда.
Биліктің жергілікті органдарын реформалаңдыруды орталықсыздандыру үрдісін бастау жолында келесі проблемаларды шешу қажет:
• жергілікті және аймақтық нәтижелі басқарудың жоқтығы;
• жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге қабілеті жететін азаматтық қоғамның ойдағыдай дамымауы.
Соның нәтижесінде екі мақсат пайда болып отыр:
• кәсіби және нәтижелі аумақтық басқаруды құру және мемлекеттік функцияларды шоғырланудан алшақтату үрдісі;
• азаматтық қоғамды құру үрдісінің басталуы.
Посткеңестік елдерде орталықсыздандыру процесі басқа тұрақты демократиялық жүйе қалыптасқан мемлекеттердегі үрдістерден мүлде өзгеше өтуде. Бұрынғы социалистік мемлекеттерде жүйелі орталықсыздандыру жалпы саяси жүйені құрумен қатар өтіп жатыр. Яғни орталықсыздандыруға ешқандай уақытпен қалыптасқан әдіс-тәсілдік негіз жоқ, басқаша айтқанда, тәжірибенің жетіспеушілігі анық. Бұндай негіз көбінде орталықтанған мемлекет кезінде пайда болуы тиіс. Қазақстан Республикасында да орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқару процестері тежелу себебінің бірі осы.
Екіншіден, өзін өзі басқару, биліктің бөлінуінің қажетті (яғни демократиялық) формасын іске асыру тамырын он жылдап қалыптасқан адамның ойлау қасиетінен іздеу қажет. Алдыңғы жүйеден мұра болып жалғасып келе жатқан саяси сана қоғамдық еркіндікті қолдануда қиындықтар туғызады. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
2. "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдау / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж.
3. Хайдар А., "Жергілікті басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтары", "Саясат және парасат", №2, 2003ж, 5-7 бет.
4. Нүкенов А.: "Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері". "Саясат" №7., 2003ж., 26-31 бет.
5. «Шымкент келбеті» газеті. Қаңтар, сәуір, 2006ж.
6. «Егемен Қазақстан» газеті. Наурыз, 2006ж.
7. Оқулық «Қазақстан Республикасының мемлекті мен құқығының негіздері» Алматы 2003ж.
8. А.Төкіжан «Мемлекет және құқық теориясы» алматы 2003ж.
9. В.Уворов «Теория Государственного управления» 2004ж.
10. Интернет адресі: www.akorda.kz
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми Web-сайты: www.government.kz.