Сырым Датұлын
Сырымда әлі сыр бар
Бүгінде Сырым Датұлын, оның тікелей басшылығымен болып өткен күресін, ел басқарған әділ билігін, қол бастаған батырлығын білмейтін қазақ жоқ десек те болғандай. Бірақ бұл тақырыптағы күрделі мәселелер әлі де баршылық. Олардың бастылары мыналар дер едік. Алғашқы нақтылап, баршамыздың міндетті қабылдауға тиісті мәселеміз – С.Датұлының дүниеге келген жылы. Өйткені, 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Сырым батырдың 250 жылдығын атап өту туралы шешім қабылдағанымен, кейінгі оқулықтар, энциклопедиялар оқырман қауымды әбден шатастырып болды.
Үшіншіден, Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың хронологиясын бұрынғы 1783-1797 жылдар аралығымен шектелмей, 1801 жылға, яғни, Кіші жүз қазақтарының Еділ-Жайық аралығына заңды құқылығы мойындалғанға дейін созған дұрыс. Өйткені қозғалыстың бірден-бір мақсаты жайылым мәселесін шешу болатын. Бұған қоса, қозғалыс халықтың әділ ханға деген сенімінің әлі де күштілігін дәлелдей отырып, патша үкіметінің қазақтарды дәстүрлі басқарудан ресейлік жүйеге көшіру туралы 1775 жылғы реформасын жүзеге асыртпай тастады. 1799 жылы 22 мамырда Сырым Датұлы генерал-майор Н.Н.Бахметовке жолдаған хатында: “Астрахандықтар мен Оралдықтардан адам айтқысыз жәбір көрген қазақтар маған келіп көмек сұрады.
Сырымның орыс қорғанында 5 ай бойы түрмеде жатқаны, бірнеше рет Орынбор әкімшілігі елшілерімен кездескені тарихтан белгілі. Олай болса, оның суреті өз заманында-ақ қағазға неге түспеген? Ең болмағанда, патша шенеуніктері, тыңшылары, әскери күштері Сырымның соңына түсіп, қазақ даласын кезген кезінде оны қалай іздеген? Ол турасында сұрақ көп болғанымен, мұрағат қорларынан жауап кездеспей отыр. Сондықтан да тағы да ел аузындағы аңыздарға жүгінуге тура келді.
Қанды оқиғадан кейін 1797 жылы 29 тамызда орыс шекарасынан қашық емес Кіші Қобда бойында өткен Хан Кеңесіне беделді деген Әлімұлдары, Байұлдары және Жетіру руларының 1000-ға жуық би, батырларын ертіп келуі Сырымның биік парасатын дәлелдегендей. Олай болса, Сырым ел ішінде қалды, тарихи міндетін жалғастыра берді.
Қорыта келгенде, Сырым тарихы – еліміздің тәуелсіздігі жолындағы халқымыздың азаттық күресінің құрамдас бөлігі, оның қайыспаған қайраткер ерлерінің жарқын бейнесі. Оның тарихы болашақ ұрпақ үшін әрқашанда үлгі өнеге, тәрбие алар сабақ болып қалмақ.